{metadescription}
Көлік жүргізушілеріне қатысты заң күшейтілетін болды
Көлік жүргізушілеріне қатысты заң күшейтілетін болды

Көлік жүргізушілеріне қатысты заң күшейтілетін болды

Жүргізуші куәлігінен айырылғандар тағы көлік жүргізсе, 126 мың теңге төлейтін болады. Егер бұл қылығын тағы қайталаса, 176 мың теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Президент Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жүгенсіз жүргізушілерге қатысты заңды күшейткен депутаттар олайша айыппұл көлемін бес есе ұлғайтты.

Қанат Мусин, Мәжіліс депутаты:

- Жүргізуші құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізгені үшін 50 АЕК айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕКті құрайды. Сондай-ақ осындай тәртіпбұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл 20-дан 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Заңдағы бұл өзгерістер әзірге тек Мәжілісте мақұлданды. Енді Сенаттың қарауынан өткен соң Президент қол қоюы керек.

Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішіп алып рөлге отырғандарға қатысты заңды қатайту керектігін тапсырған. Артынша Ішкі істер министрлігі мас күйінде немесе жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік тізгіндегендерге қатысты жаза күшейтілетінін, тіпті көлігіне дейін тәркіленуі мүмкін екенін айтқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.