{metadescription}
Нұртас Адамбайдың жемқорлар туралы фильміне шымкенттік шенділердің қатысы бар ма?
Нұртас Адамбайдың жемқорлар туралы фильміне шымкенттік шенділердің қатысы бар ма?

Нұртас Адамбайдың жемқорлар туралы фильміне шымкенттік шенділердің қатысы бар ма?

Күлдіріп тұрып, жылататын кино! Үлкен экранға жемқор шенеуніктер туралы тұңғыш комедия шықты. «Мемлекет қаржысын талан-таражға салатындардан әбден мезі болдым» деген актер әрі режиссер Нұртас Адамбай бүкіл ашуын «Әкім» атты фильмге сыйдырыпты. Ал басты кейіпкерлер – бюджет қаржысын жымқырудан жалықпайтын жемқор шенділер. Бір қызығы, мұндай атышулы киноны түсіруді Адамбайға Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ұсыныпты.

Парақорлар туралы фильмге шымкенттік шенділердің қатысы бар ма? КТК тілшісі оны режиссердің өзінен сұрап көрді.        

АҚШ-та оқып келген бай баласы Елордадағы жылы орындардың біріне қонжия кетуді ойлайды. Алайда «көкесі» аяқасты қызметінен босап қалып, кішігірім ауылға әкім боп аттанады. Осы тұстан бастап, ауылдың қордаланған мәселелерінің шеті ашыла бастайды. 

Су жаңа әкім қаладағы туысымен тілдесуге ауыл тұрғындары секілді тау-тасты аралап кетуге мәжбүр. Мұндайға үйренбеген қаланың еркетотайы қалайда кетіп қалуды ойластырады.

Тұсаукесерге келгендер кино басталғаннан күлдкіден езуін жия алмады. Бірақ не күлерін, не жыларын білмеді.  

АҚШ-та оқығанмен ана тілін білмейтін шенеунікті көрсету арқылы Адамбай қоғамның жарасын ашты. Режиссер мұнымен тоқтамайды.

Ауыл тұрғындарына жаны аши бастаған басты кейіпкер күтпеген жағдайға тап болады. Кейін анықталғандай, ауыз суға, жолға деп бөлінген қаржыны басқа емес, ауданның атқамінерлері талан-таражға салыпты. Сондай шенеуніктердің бірін Дархан Дайырбек сомдайды. Актерге әкім орынбасарының рөлін сомдау қиын болмапты. Себебі, өнер адамы ондайларды талай көрген.    

Дархан Дайырбек, актер:

- Талай әкімді көрдік, талай әкім орынбасарын көрдік, үлкен ағаларды да көрдік, бәріміз танитын кісілер де бар. Бәрін көрдік. Сондықтан бұл образдың шығуына өздері себепкер болды деп ойлаймын. Кейбіреуі мүмкін «оянатын» шығар. «Біздің істеп жүргеніміз дұрыс емесау», «біздің істеп жүргеніміз осындай-ау» деп ойланатын шығар. Ал кейбіреуі түсінбеуі де мүмкін.

Ал идея авторы Ғабидолла Әбдірахымов екен. Шымкенттің экс-әкімі режиссерге сценарийді өзі ұсыныпты. Комедия о баста Шымкентте түсірілуі керек болған. Кинодағы жемқорларға «Әбдірахымовтың бұрынғы әріптестерінің қатысы бар ма?» деген сұраққа Нұртас Адамбай «жоқ» деп жауап берді.   

Нұртас Адамбай, режиссер, актер:

- Жоқ, біз ол жайлы талқылаған жоқпыз. Керісінше, бір адам көп мәселені шеше алады дегенді айтқымыз келді.

Біраз шенеуніктің түн ұйқысын қашыруы мүмкін «Әкім» атты атышулы комедияны бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде