{metadescription}
Республика сарайының жанына Шәмші Қалдаяқовтың ерекше ескерткіші орнатылды
Республика сарайының жанына Шәмші Қалдаяқовтың ерекше ескерткіші орнатылды

Республика сарайының жанына Шәмші Қалдаяқовтың ерекше ескерткіші орнатылды

Ескерткіш болып елмен қауышты. Алматыда қазақ вальсінің падишасы Шәмші Қалдаяқовқа ерекше ескерткіш қойылды. Сазгердің орындықта отырған мүсіні өзінің әндері талай шырқалған Республика сарайының жанына орнатылған. Осы жерден Шәмші Қалдаяқов көшесі де өтіп жатыр.

Көптен күткен ескерткіштің ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, сазгердің жары Жәмилә Қалдаяқова, Шәмші туындыларымен танылған әншілер және зиялы қауым өкілдері қатысты. Аты аңызға айналған өнер иесінің мүсіні қоладан құйылып мәрмәр тасқа орнатылған. Биіктігі бір жарым метр. Ескерткішті бес мүсінші екі ай бойы дайындапты. Олар ән әлемінің алып тұлғасының шығармашылық ой үстінде отырғанын бейнелеген. Жалпы Шәмші әндерін білмейтін қазақ кемде-кем. Зерттеушілердің мәліметі бойынша, оның 350-ге тарта қайталанбас туындысы бар. Соның арқасында ол «Қазақ вальсінің королі» атанған. Шәмші Қалдаяқов еліміздің қазіргі әнұранының да авторы.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

- Шәмшіні білмейтін қазақ жоқ, Шәмшінің әнін сүймейтін қазақ жоқ. Ағамыз мәңгілік біздің жүрегімізде, әндерімен. Ескерткішке ғашықтар, жас жұбайлар, өзінің құрдастары келіп, міне, сырласып отырып қайтуына болады. Ерекше жасалған ескерткіш, нағыз халықтың ортасында отырған сияқты.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде