{metadescription}
Жас ғалымдар құрылыс пен ауыл шаруашылығына тиімді тың жаңалық ашты
Жас ғалымдар құрылыс пен ауыл шаруашылығына тиімді тың жаңалық ашты

Жас ғалымдар құрылыс пен ауыл шаруашылығына тиімді тың жаңалық ашты

Таразда жас ғалымдар бірнеше тың жаңалық ашты. Жобалар әлден-ақ қолдау тауып, қолданысқа енгізілуде. Егер олардың тиімділігі дәлелденсе, құрылыс пен ауыл шаруашылығына тың серпін беруі мүмкін. Жастардың бастамасын азуын айға білеген ғалымдар да қуаттаған. Өңірде Тұңғыш президент қорының ұйытқысымен өткізілген халықаралық ғылыми конференцияда басқа да жаңалықтар айтылды.

«Инновациялық даму және замануи Қазақстанның ғылымға деген сұранысы» атты халықаралық ғылыми конференция осымен 13-ші рет өткізіліп отыр. Бұл жолы Әулиеата өңірі таңдалыпты. Алдымен көрмеге жас ғалымдардың еңбегі ұсынылды. Соның ішінде Ернұр Әбутәліповтің жобасы көптің көңілінен шықты. Ол күл мен лай және кәріз суынан кәдімгі құрылыс материалын ойлап тапқан. Кәдімгі кірпіш бағасы жағынан да тиімді. 

Ернұр Әбутәліпов, жас ғалым:

- Артықшылығы – жылу қабілеті қызыл кірпіштен екі есе жоғары. Қызыл кірпіштің салмағы екі жарым келі болса, бұның бір данасы 800 грамм. Артықшылығы – қызыл кірпіштен жылау сақтағышы жоғары.

Жас ғалым арманын жүзеге асыруға кірісіп кетіпті. Тіпті өндіріс ошақтарымен келісіп, жаңа кірпіш шығаруды қолға алған. Оны жаңа ықшамауданның құрылысына қолдану да ұсынылған. Шарада бас-аяғы 250-ге жуық жоба ұсынылды.

Дәулеттің де еңбегі елеусіз қалмады. Ол топырақты құнарландыру әдісін ойлап тапқан. «Биомеллеранд» аталатын тыңайтқаш ауыл шаруашылығы саласына ауадай қажет дейді.  

Дәулет Егембердиев, жас ғалым:

- Биомеллеранд басқа тыңайтқыштарға қарағанда ион үйінде жүреді. Минералды тыңайтқыштар минерал күйінде сумен еріп өсімдікке барғанша, жерде көп бөлігі қалады да, екінші ретте тұздануға алып келеді.

Халықаралық ғылыми конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар да қатысты. Олар жас ғалымдармен білгенімен бөлісті. Тәжірибелі мамандардың айтуынша, шараның жастарға берері мол, оның аймақта өтуі құптарлық іс дейді. Және отандық ғылымды дамыту үшін әлемдік модельге жүгінуге кеңес береді.

Жанар Темірбекова, Еуразия технологиялық университетінің ректоры:

- Университет, өндіріс және оларды біріктіретін мемлекет. Міне, осыны үштік спираль дейміз. Бұл дүние жүзінде танымал модель. Оны біздің басшыларымыз да біледі. Сондықтан қарымқатынастарды арттыруға әр түрлі ісшаралар болады және осы ғылыми конференцияның бір міндеті де осы.

Семинар екі күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында жас ғалымдардың мол тәжірибе жинақтауына мүмкіндік бар. Ал ертең «Үздік Жас ғалымдар» және «Жастардың инновациялық потенциалы-2019», сондай-ақ «Үздік ғылыми мақала» конкурстарының жеңімпаздары анықталып марапатталады.

Халықаралық ғылыми конференция Тұңғыш президенті қорының қолдауымен өткізілді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде