{metadescription}
Психолог соты! Светлана Божко: Тергеуде көп қателік кетті
Психолог соты! Светлана Божко: Тергеуде көп қателік кетті

Психолог соты! Светлана Божко: Тергеуде көп қателік кетті

Алматыда белгілі психологты соққыға жыққан такси жүргізушісінің соты өтіп жатыр. Оған «бұзақылық» және «орташа ауыр дәрежеде дене жарақатын салу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда зардап шегуші Светлана Божко айыптау актісімен толық келіспей, тергеу барысында көптеген қателік кетті деп отыр.

Ауласында оңбай таяқ жеген Светлана Божко оқиғаға біраз уақыт өтсе де, қара көзілдірік тағып жүруге мәжбүр. Себебі, соққыдан қалған жарақаттың ізі әлі кетер емес. Осыған дейін үш рет ота жасатып, түрі адам танымастай өзгерген ол тағы да дәрігердің көмегіне зәру.

Естеріңізге салсақ, жаз айының ортасында тұтқиылдан тап берген бұзақы оны бетінен темір кастетпен оңдырмай ұрып кеткен. Ал саусақ іздері арқылы қолға түскен 28 жастағы азамат такси жүргізушісі болып шықты. Бір қызығы, сот отырысына келген тергеушілер адвокаттың сұрақтарына шатып-бұтып дұрыс жауап бере алмады. Светлана Божко тергеу барысында қылмыстың мән-жайы толық ашылмағанын айтады. Тіпті зардап шегуші сараптама барысында кейбір дәйектер «тасада қалды» дейді.

Светлана Божко, зардап шегуші:

- Кеңейтілген сараптама жасау жөнінде талапарыз түсіргенбіз. Барлық жағдайдың есепке алынғанын қалаймын. Мәселен, сараптамада клиникада жатқан күндерім есепке алынбаған. Соққыдан жанарым жарақаттанып, көруім нашарлағаны көрсетілмеген. Мұрным бұзылған, қалпына келмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде