{metadescription}
Astana Club! Елорда тағы да ауқымды шараны өткізуге дайындалып жатыр
Astana Club! Елорда тағы да ауқымды шараны өткізуге дайындалып жатыр

Astana Club! Елорда тағы да ауқымды шараны өткізуге дайындалып жатыр

Елордада 30 елдің сарапшылары жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымын талқыламақ. Халықаралық шара – «Астана клаб» жобасы аясында жүзеге асады. Сарапшылардың қатарында жаһандық қауіпсіздік институтының президенті, Бельгия мен Испанияның бұрынғы премьер-министрлері, Ресей думасының өкілдері және тағы да басқа саясаткерлер бар.

Қазақстанның астанасы тағы да ауқымды шараны өткізуге дайындық үстінде. Талқыланатын тақырыптар аясы кең. Жаһанның жетекші сарапшылары 2020 жылы Еуразия үшін болатын басты 10 қатер рейтингісін жарияламақ. Стратегиялық болжамды бағамдауға Еуразия құрлығының түйткілдері түрткі болған.

Ержан Салтыбаев, Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры:

- Өткен жылмен салыстырғанда Еуразия аймағының мәселелері бұрынғыдай, сол қалпында. Біз бір жылға құрлықтың белгілі бір қауіпқатер картасын жасаймыз. Түйтілдер туындауы мүмкін деген жерлерді белгілейміз. Ол қандай мәселелер болуы мүмкін? Ең алдымен, қауіпсіздік, Корей түбегі, Иранның ядролық қарусыздану мәселелері. Бұл күн тәртібіндегі сын-қатерлер әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланып жатыр.

Нақты қауіп-қатерлерді Ержан Салтыбаев атап өтпеді, өйткені ол отырыс барысында жария етілмек. Негізінен, жаңа зерттеуді 70 елдің мамандары әзірлеген. Басқосуда сондай-ақ, Қытай мен АҚШ арасының шиеленісуі, сауда соғыстары, Ресей мен Батыс арасындағы қатынастардың одан әрі ушығуы, кибер қауіптердің күшеюі және дамуы мәселелері де қаузалады.

Бір сөзбен айтқанда, бес жылда Астана клубы дүниежүзінің 40 елінің сарапшылары бас қосқан беделді халықаралық пікірталас алаңына айналған.

Ерлан Мәдиев, Тұңғыш президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Халықаралық аренада Қазақстанның дұрыс келбетін айқындау бағытында аталмыш шараның маңызы зор. Көптеген мемлекеттер осындай жаһандық сипатқа ие сұхбаттарды Қазақстанда өткізуге мүдделі болып отыр, себебі біздің ел тәуелсіздік алғалы бейтарап, объективті делдал ретінде бірнеше іріірі жаһандық бастамаларды алға тартты.

Ауқымды алаңның жыл сайынғы отырысы 11-12 қараша күндері «Назарбаев орталығында» өтеді. Ал клуб жұмысын ұйымдастырушы Тұңғыш президент – Елбасы қоры.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.