{metadescription}
Салығын төлемеген көлік жүргізушілеріне тықыр таянды
Салығын төлемеген көлік жүргізушілеріне тықыр таянды

Салығын төлемеген көлік жүргізушілеріне тықыр таянды

Алматы облысының көлік жүргізушілері мемлекетке 2 жарым млрд теңге қарыз. Салығын төлемей жүрген азаматтарға тықыр таянғалы тұр. Себебі, салықшылар мен сот орындаушылары жауапсыздық танытқан азаматтардың темір тұлпарын жаппай тәркілеп жатыр.

Қабыланбек Есжанов:

- Биыл салық төлеген жоқпын, былтыр төлегенмін. Жұмыстан шығып қалдым да, аяқ асты жұмыссыз қалғаннан кейін қиындықтар туындап, төлей алмайтын жағдай туды. Қазір арыбері жүріп жатқан шаруаларым бар. Алла бұйыртса, биыл төлеп тастаймын, жаңа жылға жеткізбей.

Алматы- Қапшағай тас жолында салықшыларды көрген азаматтар әбден састы. Көбісі көлік салығын төлемегенін ақшаның жоқтығымен байланыстырды. Алайда қазына кірісін бақылаушылар ескеруді елемей, салықтан жалтарғандарға аяушылық білдірмеді. Темір тұлпарына төлем жасамайтындардың арасында қалталылар да бар. Рейд барысында аса қымбат көліктер де тоқтатылып жатты.

Алматы облысы бойынша жол ережесін бұзып, айыппұл арқалайтындар салықты да уақтылы төлемейді екен. Мамандар енді олардан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алудан басқа амал қалмағанын айтады.

Руслан Исаев, Алматы облысы жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары:

- Бес күн ішінде ерікті түрде төлеуіне уақыт береміз. Егер де уақтылы төлемеген жағдайда, мәжбүрлі орындау шарасын қолданамыз. Яғни автокөліктерін алып, есепшоттарына тыйым саламыз, бұғаттаймыз. Мүлдем төлемеген жағдайда дүние-мүлкін сауда-саттыққа шығарып, сатып, содан түскен қаражатты мемлекет бюджетіне құямыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.