{metadescription}
Плагиат! Білім және ғылым министрі заң бойынша жауап береді
Плагиат! Білім және ғылым министрі заң бойынша жауап береді

Плагиат! Білім және ғылым министрі заң бойынша жауап береді

Диссертациясында біреудің еңбегін қолданды деп аты дауға қалған білім вице-министріне енді сенаторлар шүйлікті. Фатима Жақыпованың плагиатқа барғанын екі бірдей шетелдік антиплагиат жүйесі растап берді дейді депутаттар. Бірақ шара қолданылмақ түгілі, саусақ ұшын қимылдатқан ешкім жоқ.

Еділ Мамытбеков, Сенат депутаты:

- Екі-үш ай болды ғой, ақпаратта жүріп жатқан жанжал. Вице-министр Жақыпова мен департамент директоры Қайырбекова туралы. Әкімшілік пе, немесе жұмыстан босату туралы ма, басқа жерге ауыстыру туралы ма, сондай бір шешім қабылдау керек деп ойлаймын.

Сенатор министрдің орынбасары көзбояушылыққа жол беріп, «қоғамды жаңылыстырды, мемлекеттік қызметтің этикалық кодексін бұзды» деп санайды.

Мұның алдында Білім министрлігіндегі департамент басшысы болған Анар Қайырбекова «Фатима Жақыпова 2009 жылы жазған диссертациясын толығымен көшіріп алған» деп мәлімдеме жасаған еді. Ол антиплагиат бағдарламасы арқылы ғылыми еңбекті тексергенде, 40 пайызы ғана Жақыпованың өз еңбегі екенін айтқан-ды. Бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігінің заң бойынша жауап беруін сұраған депуттаттарға Сенат төрайымы уақыт создырмай басшысы мен қосшыларын отырысқа шақыру керек деді.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Бұл мәселені көп создырмай, осы жерге Білім және ғылым министрін Үкімет сағатына шақырыңыз. Ол өзінің қарамағындағылар туралы айтып берсін. Неге бір ай күту керек? Олар бір айда көп нәрсені қайта жасай алады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде