{metadescription}
Алматыда баскетбол үйірмесінде 15 жастағы бала есінен танып өлді
Алматыда баскетбол үйірмесінде 15 жастағы бала есінен танып өлді

Алматыда баскетбол үйірмесінде 15 жастағы бала есінен танып өлді

Алматыда баскетбол үйірмесінде 15 жастағы бала көз жұмды. Жаттығу барысында 9-шы сынып оқушысы есінен танып, жедел жәрдем қызметі жеткенше тіл тартпай кеткен. Жеткіншектің неден өлгенін дәрігерлер де айта алмай отыр. Қайғылы оқиға Қазақ спорт және туризм академиясының қабырғасында болған. Академия басшылығы ақылы баскетбол үйірмесін өткізетін жаттықтырушы өте тәжірибелі маман екенін алға тартады.

Оқыс оқиғаның жай-жапсарын КТК тілшісі Сымбат Ғалымбекұлы біліп қайтты.

Қайғылы оқиға Қазақ спорт және туризм академиясының спорт залында кеше болған. Ақылы баскетбол үйірмесінде оқушылардың кезекті жаттығуы өтіп жатқан. Ойын барысында кенет 15 жастағы Ален есінен танып құлап, жедел жәрдем қызметі жеткенше жан тәсілім еткен.

Шайхидин Бәдіров, Алматы қалалық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

- Шақыртуға жақын арадағы бригада жіберілді. Бригаданың жету уақыты 8 минут. Біздің диагнозбиологиялық өлім. Өлім себебі белгісіз.

Академия басшылығы жаттықтырушы Марта Ахметкәрімнің мақтауын асырды. Бұрындары кәсіби баскетболшы болған ол кешкі уақытта ақылы түрде жасөспірімдерге осы спорт түрінің қыр-сырын үйретеді екен. Әріптестері тәжірибелі маман жеткіншектерге жоспардан тыс тапсырма беріп жүк салмайтынына сенімді.

Мұхтар Есқалиев, Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры:

- Жаттықтырушы біліктілігі жоғары маман. Жоғары білімді. Дене шынықтыру пәні бойынша PHD докторы. Өзі бір кездері кәсіби деңгейді баскетболмен шұғылданған. Ол үйірмені жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азамат жүргізеді. Осы залда басқаруға берген ЖШС ала отырып, жүргізеді. Екеуінің арасында келісім бар.  

Оқыс оқиға 94 мектеп-гимназиясы ұстаздарының да қабырғасын қайыстырды. Олар 9-сынып оқушысы Ален ешкімде қақ-соғы жоқ ашық-жарқын бала болғанын айтады. Сабақты да жақсы оқыған Ален денсаулығына ешқашан шағымданып көрмеген дейді мектеп директоры.

Айгүл Ботабекова, №94 мектеп-гимназисының директоры:

- Ален біздің мектепте бірінші сыныптан бастап оқыды. Сабағы өте жақсы, тәртібі де тәрбиесі де. Өте ашық. Ұстаздармен де жақсы араласады. Мектеп өміріне белсене араласады. Дене шынықтырудан босату туралы анықтамасы да жоқ. Денсаулығына ешқашан шағым айтып жүрген бала емес.

Білім ошағының басшылығы бейнебақылау камерасынан қайғылы оқиға күні Аленнің денешынықтыру сабағына қатысып асыр салып ойнап жүргенін де көрсетті. Ал жан дегенде жалғыз ұлынан айрылып қара жамылған отбасы ешкіммен тілдескісі жоқ. Енді өлімнің нақты себебі сот медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде