{metadescription}
Атырауда құмаршықтан дайындалатын ас түрін қайта жаңғыртты
Атырауда құмаршықтан дайындалатын ас түрін қайта жаңғыртты

Атырауда құмаршықтан дайындалатын ас түрін қайта жаңғыртты

Халықты құтқарған құмаршық. Атырауда «Құмаршық күні» байқауы өтті. Сайыстың мақсаты – құмаршық өсімдігінен дайындалатын ұмытылып бара жатқан ас түрлерін қайта жаңғырту. Екі күнге созылған шара барысында Құмаршық дәні ескерткіші де орнатылды. Бұл – аталмыш өсімдікке ғана емес, ұлтымыздың ақтаңдақ тарихына көрсетілген құрмет.

Жергілікті халық құмаршықтың арқасында өткен ғасырлардағы жұт, аштық, соғыс кезінде аштықтың азабынан құтылды. Талай ел соның ұнынан нан пісіріп, талқан тартып, жан сақтап қалған. Құмаршық дәнінің құрамында өте құнарлы дәрумендер бар.

Қазір осы бұтадан азық-түлік өндіру технологиясы мен әдіс-тәсілдерін көнекөз қариялар мен әжелер ғана біледі. Үрдісті елдің есіне салу мақсатында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов «Құмаршық күні» байқауын ұйымдастырды. Сайысқа Құрманғазы, Исатай және Махамбет аудандарынан келіп қатысқандар аталмыш өсімдіктен әзірленетін ас түрлерін дайындады.

Сәрсенбай Еңсегенов, Сенат депутаты:

- Мақсат – насихаттап көпшілікке таныстыру, жас ұрпаққа көрсету. Рухани жаңғыру аясында  халқымыздың салдәстүрін жаңғыртуды мақсат еттік.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде