{metadescription}
Ұшқыштар даярлайтын оқу орны лицензиясынан айырылуы мүмкін
Ұшқыштар даярлайтын оқу орны лицензиясынан айырылуы мүмкін

Ұшқыштар даярлайтын оқу орны лицензиясынан айырылуы мүмкін

Еліміздегі жалғыз азаматтық авиация академиясы жабылуы мүмкін. Білім министрлігі ұшқыштар даярлайтын оқу орнын лицензиясынан айыруды сұрап сотқа жүгінген. Себебі, білім беру стандартына сай келмейді дейді министрлік өкілдері. Ал академия басшылары бұл уәжбен келіспейді. Олар оқу ордасын жаппай, керісінше, ерекше мәртебе беру керек деген пікірде. Тараптардың тартысын КТК тілшісі тыңдап келді.

Алматыдағы азаматтық авиация академиясында төрт мыңға тарта студент оқиды. Олар ұшқыш, диспетчер секілді мамандықтар бойынша білім алуда. Көкті бағындыруды армандап келген жастар бұл жаңалықтан есеңгіреп жүр. Өйткені академия лицензиясынан айырылса, барлығы дипломсыз қалады.

Нұрсұлтан Саламатов, Азаматтық авиация академиясының студенті:

- Бір топта 10 адам бар, бәріміз ақысын төлейміз, жылына 810 мыңдай. Екінші курстан бастап практика болады, оған бөлек төлейміз. Ортақ практика 20 миллионнан асады.

Студенттердің көз жасына қарайтын Білім министрлігі жоқ. Олар академияны лицензиясынан айыруды сұрап сотқа арыз түсірді. «Оқу орны білім беру стандартына сай емес», - дейді ведомства өкілдері. Авиациялық инженерлік кадрларды даярлайтын ұстаздар арасында ғылыми дәрежелі мамандар жоқтың-қасы екен.

Гүлзат Көбенова, ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы:

- Тексеріс кезінде, өкініштісі, академия тарапынан жойылмаған кемшіліктер қалып қойған. Соның ішінде – жоғарғы оқу орнының профессорлықоқытушылық құрамының жоқтығы. Профессор-оқытушылық дәрежелерінің жеткіліксіздігі немесе оқытушылардың негізгі білімі мен оқытатын пәні бойынша сәйкессіздігі. Бұл талаптар негізгі заңнамаға сәйкес келмейді.

Академия басшылары бұл уәжбен келіспейді. «Білім министрлігінің талабы халықаралық азаматтық авиация ұйымының ережесіне қайшы», - дейді олар. Халықаралық стандартқа сай ұшқыштарды тек сертификаты бар білікті ұстаздар оқытуы тиіс екен. Ал оның ғылыми дәрежесі маңызды емес.  

Бекен Сейдахметов, Азаматтық авиация академиясының ректоры:

- Кандидат пен академия ғылымдарының докторы деп. Бірақ инженер мен пилотты дайындауға кандидат, не ғылым докторы емес – инструктор керек. Инструкторпилот, инструктор-инженер керек.

Орта Азиядағы жалғыз азаматтық авиация академиясын жылына 60-70 ұшқыш тәмамдайды. Мамандар көкке көтерілу мен жерге қонудың алғашқы әліппесін дәл осы жерде үйренеді. Оқу орнының қабырғасында әр түрлі ұшақтардың дәл көшірмесі жасалған. Тренажерлар, яғни оқу-жаттығу құралдары бар. Онымен ұшып-қонуды үйрететін – білікті ұшқыштар.

Білім ошағының материалдық-техникалық жабдықталуына мін артпайсың. Студенттер шетелге шықпай-ақ, ұшақ басқарудың қыр-сырын осы жерден ді. Егер оқу орны жабылса, ұшқыш болуды армандаған талай жастың тауы шағылары сөзсіз. Сондықтан оқу ордасының басшылары академияға ерекше статус беруді сұрап үкіметке ұсыныс жасады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде