{metadescription}
Алматыда үш қабатты коттедждің күлі көкке ұша жаздады
Алматыда үш қабатты коттедждің күлі көкке ұша жаздады

Алматыда үш қабатты коттедждің күлі көкке ұша жаздады

Күллі көкке ұша жаздады. Алматыда үш қабатты жер үйде газ жарылып, үш адам аруханаға түсті. Жойқын жарылыстан денесін қатты күйік шалған олар жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастардың өмірімен арпалысқан дәрігерлер олардың жағдайлары тым ауыр дейді.  

Нұржан Биқоңыров, Алматы қалалық №4 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

- 11 қараша күні біздің ауруханаға жедел жәрдем бригадасымен үш науқас жеткізілді. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр. Шокқа қарсы ем қолданылып жатыр.

Жарылыстан зардап шеккендердің жанында екі жастағы бала болыпты. Періштесі қаққан сәби дін-аман. Ал жансақтау бөліміндегі үш науқастың қашан аяғынан тік тұрып кетері белгісіз. Әсіресе 36 жастағы ер адамның денесін жүз пайыз күйік шалған. Еңселі коттедж иелері сұхбат беруден бас тартқанымен, бұл үйде пәтер жалдаушылар тұрыпты. Куәгерлердің айтуынша, үйге кірген адамдар жарықты қосқан сәтте бөлмеде жиналып қалған газ тұтанып жарылыс болған. Күл-талқаны шыққан терезе сынықтары маңайда шашылып жатыр. Тіпті бөлме аралық қабырға опырылып, есіктері қақырап кеткен. Қазір төтеншеліктер апаттың нақты себебін анықтауда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде