{metadescription}
«Дегдар» қоры мен «JТI» компаниясы Арыстағы 300-ге жуық зағиптың батасын алды
«Дегдар» қоры мен «JТI» компаниясы Арыстағы 300-ге жуық зағиптың батасын алды

«Дегдар» қоры мен «JТI» компаниясы Арыстағы 300-ге жуық зағиптың батасын алды

Еңбегінің жемісін көрді! «Дегдар» қоры мен «JТI» компаниясы Арыстағы жарылыстан кейін қирап қалған зағиптар үйін қалпына келтіріп қана қоймай, жарымжан жандардың қажетті керек-жарағын алып берді. Құлауға шақ тұрған ғимараттарының кереметтілігін көрмесе де сезінген зағиптар енді үйіне қайтқысы келмей жатыр.

Маусым айындағы жарылысқа дейін де тоз-тозы шығып тұрған Арыстағы зағиптар үйі жарылыстардан соң мүлдем құлағалы тұрған. Бірер ай бұрынғы жағдайын осы кадрдан байқауға болады. Қабырғалары қақырап, төбесі ойылған үйдің есік-терезесі де шашылып, зағип түгілі сау адамға қауіпті-тін. 90 жылдай тарихы бар ғимараттың жағдайы енді мүлдем басқа. Төбесінен бастап еденіне дейін күрделі жөндеуден өтіп, есік, терезеге дейін бүтінделді.

Анастасия Ни, «JТI» компаниясының менеджері:

- Жарылыстан кейін біз Арысқа келіп мына ғимаратты көрдік. Адам өміріне қауіпті, әрі көрер көзге де қорқынышты еді. «JТI» компаниясы мен «Дегдар» қоры бірігіп, зағип жандарға көмек көрсетуге бел будық. Көздегеніміз – тұрмыстық жайлылығын ғана емес, белсенді өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасау.

Күрделі жөндеуден өткен бөлмелердің іші заманауи спорттық жабдықтармен толықты. Вело және жүгіруге арналған тренажерлар қойылды. Арнайы шахмат пен дойбы бөлмесі ашылып, су жаңа массаж керуеттері де пайда болды. Жан мен тән рахатын енді сезіндік деген мүгедек жандар енді зағиптар үйінен шыққысы келмейді.

Серік Құдайқұлов, Арыс қалалық зағиптар қоғамының төрағасы:

- Бір рахаттанып қалдық. Үйімізге қайтқымыз жоқ, керек болса. Қуаныштан қандай керемет деп, алғыс айтып жатыр. Отбасымның атынан, өзімнің атымнан және мына қоғамдағы осы мүшелер атынан шексіз рахмет, айналайын!

Осыған дейін зағиптар үйінде мардымды жылу болмай, су мен әжетханаға дейін далада болған. Қазір бәрі ғимарат ішінде. Ғимаратта шаштараз бөлмесі де ашылды. Бұл жерде арыстық зағиптар үлкен жеңілдікпен небір шаш үлгісін жасата алады.

Лаура Ахметова, «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры:

- «Дегдар» қорына көмекке зәру адамдарға қол ұшын соз у өте маңызды. Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерді қолдау қажет еді. Зағип жандардың жағдайын жасап, олардың қуанышын көру бізге үлкен бақыт.

Мүгедектердің көңілі жайланғанын көзімен көріп, 300-ге жуық зағиптың батасын алған қайырымдылық қорының өкілдері олармен бірге кездесу соңында ән шырқады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.