{metadescription}
Зеркала! Рашид Сүлейменовтің атышулы фильмі сегіз мемлекетте көрсетілетін болды
Зеркала! Рашид Сүлейменовтің атышулы фильмі сегіз мемлекетте көрсетілетін болды

Зеркала! Рашид Сүлейменовтің атышулы фильмі сегіз мемлекетте көрсетілетін болды

Алматыдағы көлік айналарының ұрылары туралы кино шетелде көрсетілетін болды. Режиссер Рашид Сүлейменовтың атышулы туындысын өз елінде көрсетуге сегіз мемлекет сұратыпты. Ал криминал жанрындағы «Зеркала» фильмін түсіруге Денис Теннің оқиғасы түрткі болған. Жақында ғана прокатқа шыққан туынды алғашқы аптада-ақ жұмсалған қаражатын толығымен ақтады.    

Денис Теннің өлімі түрткі болған кино ұрылардың көлік айнасын шешіп алып жатқан жерінен басталады. Қылмыс үстінен түскен көлік иесі барынша қарсыласуға тырысады. Алайда шамасы жетпей, пышаққа ілініп көз жұмады. Фильмде ұрылардың қолынан қайтыс болған жігіт – қарапайым тұрғын. Тергеушілер оны өлтіргендерді күні-түні іздейді. Сүлейменов полицияны мақтап емес, керісінше, зардап шегушінің кім екеніне қарамастан, қылмыстың кез келген түрін ашуға «жанын салса» деп айтқысы келген екен. Ең бастысы – ауылдан Алматыға арман қуып келген жастар адаспаса деген ниет.            

Рашид Сүлейменов, режиссер:

- Тым болмаса, бір адамды қылмыс жасаудан сақтап қалсақ, еңбегіміздің ақталғаны. Фильм арқылы жастарды ұрлықтан аулақ жүруге шақырғымыз келді.

Басты рөлдердің бірінде - Аян Өтепберген. Актер банда жетекшісінің рөлін сомдайды. Ұрлыққа бойы үйренген қылмыскердің образы оған оңай көрінген. Алайда оқиға өрбіген сайын күрделене түсіпті.       

Аян Өтепберген, актер:

- Стресс пайда болады, өйткені қан. Дегенмен қызыл түс оңай емес. Арасында кішкене демалыстап, Рашид аға біледі, «тоқта, актер демалып алсын» деп, бес минут демалып, кішкене өзөзімізге келіп, қайтадан түсіріп, сондай жағдайлар болды.

Қоғамда күйіп тұрған тақырыпты режиссер барынша шынайы жеткізуге тырысқан. Тіпті полиция көлігіне дейін қолдан жасап шығарған. Тартысқа толы фильм кинотеатрларда көш бастап тұр. Ал жақында тағы 8 мемлекетте прокатқа шығады. Көлік айнасына бола кісі өлтірген төрт ұрының оқиғасы немен біткенін білгіңіз келсе, кинотеатрларға асығыңыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде