{metadescription}
Дәмханада ат мініп қыдырған жігіт қамауға алынды
Дәмханада ат мініп қыдырған жігіт қамауға алынды

Дәмханада ат мініп қыдырған жігіт қамауға алынды

Кафеде қыдырған ат. Алматы облысында қызық жағдай болды. Текелі қаласындағы дәмханаға біреу атқа мінген күйі кіріп кеткен.

Тосын жағдай кешкі уақытта, кафеде қонақтар көңіл көтеріп отырғанда болды. Ондағылар атты көріп шошып кеткен. Енді бірі дәмханаға келген жануарды видеоға түсіруге кірісіпті. Кейін бұл бейнежазбаны полицияға жібереді. Жедел іздестіру шараларынан соң аттың иесі ұсталды. Атпен дәмханаға кірген 32 жасар жергілікті тұрғын болып шыққан. Жұртты бір шошытып алған ер адам өз әрекеті үшін қазір қамауда отыр.

Серік Үпиев, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұзақылық ісі бойынша жиналған материал сотқа жолданды. Қазір ұсақ бұзақылық жасағаны үшін аталған азамат сот шешімімен бес күнге қамаққа алынды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.