{metadescription}
Мұнай! Түркістанда қазылған 39 ұңғымадан мұнай анықталды
Мұнай! Түркістанда қазылған 39 ұңғымадан мұнай анықталды

Мұнай! Түркістанда қазылған 39 ұңғымадан мұнай анықталды

Түркістанның жанынан жаңа мұнай көзі ашылуы мүмкін. Түрлі-түсті металл іздеуге шыққан геологтар өңірде қазылған 39 ұңғымадан мұнай белгілерін анықтаған. Мамандар енді ондағы мұнай көлемін анықтауға кіріспекші.

Табиғи байлық белгілері Шақпақ елді-мекенінің жанынан табылды. Негізі геологтар қорғасын, мырыш сынды металл іздемекші болған. 300 метр тереңдікте қазылған ұңғымалардан мұнай тектес сұйық зат шығыпты. Мамандардың айтуынша, Шу-Сарысу бассейні бұрыннан-ақ мұнайы бар орындардың тізімінде болыпты.

Санжар Жаркешов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Бұл ұңғылар полиметамлл іздеуге арналған еді. Бірақ күтпеген жағдайда 11 ұңғылардың ішіндегі алынған кезде мұнай көріністері табылды. Негізі мұнай көлемін қазір айту ерте. Оның көлемін айту үшін әрі қарай бұрғылау жұмыстарын жүргізу керек.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде