{metadescription}
Тараз: Әжетханадағы зорлықтан кейін мектеп директоры жұмыстан қуылды
Тараз: Әжетханадағы зорлықтан кейін мектеп директоры жұмыстан қуылды

Тараз: Әжетханадағы зорлықтан кейін мектеп директоры жұмыстан қуылды

Таразда педагогтарды қызметтен шеттету әлі жалғасып жатыр. Күні кеше ғана оқушының әжетханада зорлануынан кейін мектеп директорының орынбасары мен екі қызметкер жұмыстан қуылған еді. Ал бүгін білім ошағы басшысының өзі жылы орнымен қош айтысты.

Гүлзира Дәрібаева, Жамбыл облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Жауапкершілік алынбайды деген сияқты. Соған байлынысты осындай жұмыстағы өзінің қызметкерлеріне жіті қадағалауды тапсырмағандықтан, жауапкершілік жүктеліп, жұмыстан босатылды.

Ал жәбірленуші бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін. Себебі, оның психологиялық қысымға ұшырауы ықтмал. Сондықтан жеткіншектің жанын жараламас үшін шенділер үйінде оқыту жайын қарастырып жатыр.

Өткен жұма күні Таразда 7-ші сынып оқушысын мектеп әжетханасында зорлап кеткен-ді. Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға алынды. Аталмыш жағдайдан соң облыс басшысы арнайы жиын өткізіп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Педагогтар пен полицейлерге талап күшейтілмек. Мектеп қабырғасындағы әрбір қылмысқа басшылық басымен жауап береді.

Бүгінен бастап білім ошақтарының қауіпсіздігін тәртіп сақшылары күзететін болды.

Азғындық жасады деп айыпталған азамат 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды.

Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ПД бастығы:

- Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жыл шартты түрде өтеген.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде