{metadescription}
Жезқазған мектебіндегі өрт жау шапқандай болды
Жезқазған мектебіндегі өрт жау шапқандай болды

Жезқазған мектебіндегі өрт жау шапқандай болды

Жезқазғандағы №3 мектепте сабақ болмады. Ғимаратта аяқ астынан лап еткен өрттің салдарынан, 650-ге жуық оқушы қашып шыққан.       

Алғашында бірінші қабаттағы кабинеттің бірінен будақтаған қара түтіннің арты қызыл жалынға айналды. Еңбек пәні кабинетіндегі ағаш бұйымдар мен жиғаз отқа оранған. Өрт аумағы үлкен болмаса да, мектептегі дүрбелең жау шапқандай болды. Дегенмен бір күн сабақтан қолы босаған оқушылар қатты қапаланбаған сыңайлы. Тілсіз жау бір сағаттың көлемінде ауыздықталып, өрт электр сымдарының тұйықталуынан тұтанғаны анықталған.

Ербол Байғазиев, Қарағанды облыстық ТЖД өртке қарсы қызмет бастығының орынбасары:

- Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілермен өрт тез арада оқшауланып сөндірілді. Мектеп оқушылары мен қызметкерлері өрт сөндірушілер жеткенге дейін қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде