{metadescription}
Тәртіп сақшылары патруль көлігімен қағып кеткен қыздың басы жарылды
Тәртіп сақшылары патруль көлігімен қағып кеткен қыздың басы жарылды

Тәртіп сақшылары патруль көлігімен қағып кеткен қыздың басы жарылды

Оралда тәртіп сақшылары патрульдік көлікпен адам қақты! 21 жастағы қыз рұқсат етілген жерден әрі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан. Құйғытып келген сақшылар сол мезетте қағыпты. Қатты соққыдан бойжеткеннің басы жарылған. Қазір ақ халаттылар оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Тәртіп сақшылары қағып кеткен қыз медициналық колледждің студенті. Қазір ес-түссіз ауруханада жатыр. Дәрігерлер басына күрделі ота жасады. Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан екен. Жолдың тура ортасына жеткенде, патрульдық көлік жаншып кетіпті. Қызыл түске қарамаған қызметтік көлікте екі бірдей полицей отырған. Олардың ішімдік ішкені, не ішпегені белгісіз. Дегенмен, оқиға орнына өзі жетіп барған Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы рөлдегі қызметкерге қатысты іс қозғалып қана қоймай, қызметтен қуылғанын хабарлады.

Мақсұтхан Әбләзімов, БҚО Полиция департаментінің бастығы:

- Қол астындағы қызметкерімнің әрекеті үшін Бейсова Ларисаның атаанасынан, туыстарынан кешірім сұраймын. Лариса аяғынан тұрып кеткенше қолымыздан келген көмекті көрсетеміз. Тезірек сауығып кетсін деп тілейміз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.