{metadescription}
Амандық Баталов : Мәнізоровтің қылмысы дәлелденсе, орнымды босатуға дайынмын
Амандық Баталов : Мәнізоровтің қылмысы дәлелденсе, орнымды босатуға дайынмын

Амандық Баталов : Мәнізоровтің қылмысы дәлелденсе, орнымды босатуға дайынмын

Мәнізоровтің қылмысы дәлелденсе, орнын босатуға дайын. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасарының ісіне қатысты пікірін білдірді. Қоластында екі ай ғана жұмыс істеген Бағдат Мәнізоровті облыс әкімі тек жақсы қызметкер ретінде ғана танитынын айтады.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ірі көлемдегі алаяқтық үшін айыпталған. 57 жастағы шенеуніктің мәселесіне қатысты қазір тиісті органдар бір шешімге келе алмай жатыр. Алдымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік айыптап, тергеуге алатын болса, артынан Бас прокуратура «қылмыс құрамы жоқ» деген себеппен қылмыстық істі тоқтатты. Осы дүрбелеңнің кесірінен Мәнізоров еңбек дамалысына шығуға мәжбүр болыпты. Ал қазір күнделікті жұмысына барып жүр.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі: 

- Ол жағдай Алматыда болған, Алматы облысында болған жағдай емес. Менің кетеркетпесімді Үкімет басшысы шешеді. Мен көп жыл жұмыс істедім. Адал қызмет жасадым. Керек болса, мен кез келген уақытта немерелеріммен қуанып, жүгіріп, солардың қасында болам. Мен ондайдан қорықпаймын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде