{metadescription}
Шетелдік ғалымдар еліміздің тарихын зерттеуге көмек беретін болды
Шетелдік ғалымдар еліміздің тарихын зерттеуге көмек беретін болды

Шетелдік ғалымдар еліміздің тарихын зерттеуге көмек беретін болды

Ел тарихын зерттеуге шетелдік ғалымдар да атсалыспақ. Бұл туралы бүгін Елордада өткен «Еуразия тарихының мұрасы» атты халықаралық ғылыми конференцияда айтылды.

Игорь Рогов, Тұңғыш Президент қоры директорының орынбасары:

- Бұл конференция еліміздің бай мұрасын тереңірек зерттеуге түрткі боларына сенімдімін. Біздің Тұңғыш президент – Елбасы қоры бұл бағыттағы жұмыстарды қолдауға әрдайым дайын. Осындай шаралар отандық және шетелдік сарапшылардың бірлесе зерттеулер жүргізуіне жағдай жасайды.

Биыл отандық ғалымдар «Мұрағат-2025» жобасы аясында Венгрия, Польша мен Ресейге барып қайтты. Олар 11 қалада болып, мұрағаттардан қазақ хандығына қатысты тың деректер тапқан. Құнды ақпарды іздеу келер жылы да жалғасады. Мысалы, тарихшыларымыз қазақ-қалмақ қатынастарын зерттеуге Элиста қаласына баруды жоспарлап отыр. Мамандар осындай маңызды құжаттар тарихымызды қайта қарауға негіз боларына сенімді.

Зиябек Қабылдинов, Тарих және этнология институтының директоры:

- Шынын айту керек, соңғы уақытқа дейін біз өз тарихымызды көшіріпкөшіріп әкеліп, Кеңес дағының кезінде жеткен жетістіктерімізді 30 жыл бойы көшіріп әкелдік. Енді «Мұрағат2025»-тің арқасында тарихымызға жаңа көзқарас, жаңа тұжырым мен ойлар келеді. Жаңаша мектеп оқулықтары мен жоғарғы оқу орнының оқулықтары пайда болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде