{metadescription}
Shymkent Bus: Автопарк өкілдері мен жүргізушілер төбелесіп қала жаздады
Shymkent Bus: Автопарк өкілдері мен жүргізушілер төбелесіп қала жаздады

Shymkent Bus: Автопарк өкілдері мен жүргізушілер төбелесіп қала жаздады

Шымкент жолдары бүгін автобуссыз қалды. 5 бағыт бойынша қызмет көрсететін «Shymkent Bus» автопаркінің 50-ге жуық қызметкері таңертеңнен жұмысқа шығудан бас тартқан. Себебі, таңғы 5-тен жұмысқа кірісетін жүргізушілер мен кондукторлар 2 айдан бері айлықсыз қалыпты.

- Кондукторлар қазір айлық алмайды. Жүргізушімен таңнан кешке дейін азаптанып жұмыс істейміз. Үш мың алсақ та риза болып қайтамыз. Кейбіреулер жылы кабинетте отырып 220 000 теңге алады. Екі сағат еден жууып 60 мың теңге алады. Біз соны да ала алмай отырмыз. Азанан кешке дейін істейміз. Қадірімізді түсінсін. Әкім қайда отыр?

Маусым айында «Shymkent Bus» компаниясы жұмысын бастар кезде жергілікті билік оларды қолына «170 мыңнан кем алмайсыңдар» деп шақырған екен. Бірақ басшылар сөзінде тұрмақ түгілі, айлықтары  үш есе кеміп, көлік тазалау мен техникалық қызмет көрсету өздеріне жүктелген. Наразы топтан жылдам жұмысқа шығуын талап еткен парк өкілдері мен жүргізушілер төбелесіп қала жаздады. Автопарк басшылығы «келесі жылы проблема шешіледі» дегенмен, оның сөзіне ешкімнің сенгісі келмеді.

Елікбай Тоқбергенов, «Shymkent Bus» компаниясының директоры:

- Келесі жылы субцидия алуды жоспарлап отырмыз. Алсақ, жалақысы 200 мың теңге болады.

- Біз сенбейміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.