{metadescription}
Қазақстандықтарға бала асырап алу жолы жеңілдетіледі
Қазақстандықтарға бала асырап алу жолы жеңілдетіледі

Қазақстандықтарға бала асырап алу жолы жеңілдетіледі

Қазақстандықтар шетелдіктерге қарағанда көбірек бала асырап алуы тиіс. Мемлекеттік емес бала асырап алу жөніндегі агенттіктің бұл бастамасы енді арнайы заң жобасына енгізілуі мүмкін. Бұл мәселені заңдастыратын құжат қазір Парламент қарауында жатыр.

Балия Әкімбекова, «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

- Кейбір депуттар бұл бастамаға қарсы болса да, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау бар. Шенеуніктер, қоғам азаматтық бірлестіктер тарапынан ұсынылған пікірлерді «Неке және отбасы туралы» заң жобасын енгізіп, өзгерту керек дейді. Істеген ісіміздің бекер еместігі қуантады.

Негізінен аталмыш заң жобасы жыл соңына дейін Парламентте тыңдалуы тиіс. Егер құжат қабылданса, ел азаматтарына да бала асырап алу жеңілдейді. Жалпы, жетімдердің шетел асуына сол балалардың жайымен жете таныс қоғам белсенділері түбегейлі қарсы. Солардың бірі 60 баланы бауырына басқан елімізге танымал Әмина қажы. Ол басқаратын «Перзент» балалар үйінің тәрбиленушілері қарсылық білдіріп, тіпті әлеуметтік желілерде видео үндеу де жариялаған.

Бүгінде елімізде жүзден астам мекемеде ата-ана қарауынсыз қалған бес мыңдай ұл-қыз бар екен.

Әмина қажы, «Перзент» балалар үйінің директоры:

- Бұл балаларды шет мемлекеттерге сату дегенді түбінен қарсымын. Неге десеңіз, біреудің жамауы біреуге керегі жоқ. Бұл халықтың, елдің, саны аз қазақты апарып, оны жетімдер деп бөліп сатып жіберсе, ол не болады? Түбі шикі дүние. Адам баласы емес пе, ол осы жердің азаматы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде