{metadescription}
Аягөздегі жарылыста жеті адам зардап шекті
Аягөздегі жарылыста жеті адам зардап шекті

Аягөздегі жарылыста жеті адам зардап шекті

Аягөзде газ баллоны жарылып, бір үй өртке оранды. Оқыс оқиғадан жеті адам зардап шекті. Олардың денесі түрлі дәрежеде күйіп қалды. Әсіресе 40 жастағы үй иесінің жағдайы мүшкіл.

Оның денесінің жартысына жуығын күйік шалыпты. Қазір ер адам жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр. Зардап шеккендердің төртеуі - бала. Оқыс оқиға кеше кешкі уақытта болған. Газ толтырылған бес литрлік баллонның жарылысынан жер үйдің төбесі мен бір жақ қабырғасы опырылып түсіпті. Зардап шегушілердің айтуынша, жағдай баллонды аяздан жылы жерге кіргізген соң болған. Оқиғаға ауа температурасының күрт өзгеруі себеп деп топшылайды. Алайда жарылыстың нақты себебін мамандар анықтауы тиіс.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде