{metadescription}
Қызылордада үш адам аялдамада тұрып ажал құшты
Қызылордада үш адам аялдамада тұрып ажал құшты

Қызылордада үш адам аялдамада тұрып ажал құшты

Аялдамада тұрып ажал құшқандар. Қызылордада көлік тізгініне ие бола алмай қалған жүргізуші аялдамадағы бір топ адамды жаншып өтіп, үш адам қаза тапты. Түрлі жарақат алған екеуі ауруханаға жеткізілген. 

Қаланың қақ ортасындағы қанды оқиға таңғы тоғыз шамасында болды. Назарбаев даңғылымен жүйткіп келе жатқан «Тойота Камридің» жүргізушісі әуелі «Мерседес Бенцті» бүйірінен соғып, артынша автобус аялдамасында тұрған жолаушыларды қағып өткен. Қатты соққыдан үш адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Зардап шеккен тағы екеуі ауруханада жатыр. Дәрігерлер қазір екеуінің де жағдайы ауыр дейді. Ал апатқа кінәлі жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде