{metadescription}
Түркістанда  «Ислам мемлекеті» ұйымына мүше болуға шақырып жүрген жиһадшы ұсталды
Түркістанда  «Ислам мемлекеті» ұйымына мүше болуға шақырып жүрген жиһадшы ұсталды

Түркістанда  «Ислам мемлекеті» ұйымына мүше болуға шақырып жүрген жиһадшы ұсталды

Лаңкестікке үндеймін деп тұтылды. Түркістан қаласында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше болуға ашық шақырып жүрген тұрғын ұсталды. Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен тұтқындаған.

Темір Стамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол, имамдарға ілімдерінің «жаңсақ» екенін айтып салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салыпты. Өзі әйелімен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, «салафизмді» үйретіпті.

Үйін сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ боп жүр екен. Алайда зорлық-зомбылықпен жәннатқа кіргісі кеп жүрген ол темір тордан бір-ақ шықты. Енді лаңкестікті насихаттау бабымен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал әбден шошынып қалған отбасымен психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде