{metadescription}
Қайрат Қожамжаров Олеся Кексельге қатысты мәлімдеме жасады
Қайрат Қожамжаров Олеся Кексельге қатысты мәлімдеме жасады

Қайрат Қожамжаров Олеся Кексельге қатысты мәлімдеме жасады

Кексельдің ісі тоқтатылды! Сенатор Қайрат Қожамжаров тергеуге алынған Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы бастығы Олеся Кексельге қатысты осылай мәлімдеді. Кексельге қатысты тергеу басталғаны жайында апта басында ақпарат шыққан болатын.

Қайрат Қожамжаров, Сенат депутаты:

- Іс тоқтатылды, мұндай ақпарат болды. Өйткені Кексельдің өзін жақсы білемін. Тергеуші қоңырау соғып, қылмыс құрамы жоқ екеніне байланысты істің тоқтатылғанын хабарлаған.

Бұл Энергетика экс-вице-министрі Анатолий Шкарупаға байланысты. Ол бюджеттің 215 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген еді. Аталмыш іске қатысты тергеуге алынған тағы бір күдікті тергеу барысында Кексель рұқсат етілмеген әдіс қолданды, яғни азаптады деп шағымданған. Ал Қожамжаровтың ойынша, бұл күдіктінің құйтұрқылығы болуы мүмкін. Өйткені заң бойынша егер күдікті азаптау жолымен кінәсін мойындағаны расталса, онда жазадан құтылады екен. Қожамжаровтың бұлай қорғаштауы бекер емес. Ол бұрын Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюрода Кексельдің басшысы болған. Кейін Бас прокуратураға да жұмысқа шақырған өзі. Алайда артынша Ішкі істер министрлігі сенатордың сөзін теріске шығарды. Министрліктің мәлімдеуінше, іс тоқтатылған жоқ, тергеу жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы О. Кексельге қатысты тергеу амалдарының тоқтатылғандығы туралы ақпаратты растамайды. Іс тоқтатылған жоқ, тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде