{metadescription}
Шымкент-Сарыағаш жолында жолаушылар жаппай зардап шегіп жатыр
Шымкент-Сарыағаш жолында жолаушылар жаппай зардап шегіп жатыр

Шымкент-Сарыағаш жолында жолаушылар жаппай зардап шегіп жатыр

Түркістан облысына түскен алғашқы қар күнгейлік жүргізушілерге қиындық әкелді. Шымкент-Сарыағаш тас жолында бір бағытта кетіп бара жатқан төрт көлік соғысып, 15 адам зардап шекті. Соның 11-і ауруханаға жеткізіліп, 8-і жансақтау бөліміне түскен. Кейбірінің беті бері қарай бастады. Әлі есін жимағандар да бар. Жол апатынан жаппай зардап шеккендер туралы КТК тілшісі айтады.

Алғашқы қар Шымкент-Сарыағаш бағытындағы жолда үлкен апатқа себеп болды. Төрт жеңіл көлік Қазығұрт ауылы маңында соқтығысқан. Шымкенттен шыққан көліктердің барлығы бір бағытта кетіп бара жатқан. Біреуі сол сәт тұтанып, онсыз да есі шығып жатқан жолаушыларды дүрліктірді. Қайта жолай өтіп бара жатқан жұрт жедел-жәрдем шақырып, қираған көліктерден жарақаттанғандарды шығарып алып жатты.

Төрт көлікте 15 адам болған екен. Арасында балалар жоқ. Барлығы Түркістан облысының тұрғындары. 11жақын маңдағы Қазығұрт ауылындағы ауруханаға жеткізілді. 8-і жансақтау бөліміне түссе, тағы 3-уі палаталарға жатқызылған. Хәлі мүшкіл кейбіріне санавияциямен облыстық ауруханалардан түрлі хирургтер шақыртылып ота жасалды. Бүгін дәрігерлер беті бері қараған тағы екеуін «палатаға ауыстырдық» деп отыр.

Наушарман Боранбаева, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ол науқастың жағдайы тез анықталып, отаға алынды. Лапортомия жасалды. Ішкі бауыры, көк бауыры езілген. Негізгі жарақаттары, біреуі отадан кейін, қалғандарының аяққолы сынған. 

Аталмыш оқиға бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полицейлер жол апатын ауа райы және жүргізушілердің ара қашықтықты сақтамауы себеп деп отыр.

Қайрат Дәлбеков, Түркістан облыстық ПД:

- Жол көлік оқиғаның орын алу себебі – ауа райының салдары. Көпірдің үстінде көктайғақ пайда болып, жүру ережесін сақтамағандықтың салдарынан бірбірінің артынан соқтығысып, жол көлік оқиғасы болды.

Өртеніп кеткен «Хюндай» көлігі мен жол апатында қираған қалған көліктердің жүргізушілері де есін жиған соң тергелмек. Ал жаздық дөңгелекті қыстыққа ауыстыруға асықпайтындарға тағы бір ескерту жасаған полицейлер жол тәртібін бұзбауға шақырады.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.