{metadescription}
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі жасөспірім оқыстан қайтыс болды
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі жасөспірім оқыстан қайтыс болды

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі жасөспірім оқыстан қайтыс болды

Жаңаөзендегі мейрамханалардың бірінде үш адам газдан уланып, екеуі қайтыс болды. Иіс тигендердің барлығы да кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

Бірі – 2006 туған мектеп оқушысы, екеуі 15, 16 жастағы колледж студенті. Олар қаладағы «Әлихан» мейрамханасында даяшы болып жұмыс істеген. Оқыс жағдай кеше күндіз болыпты. Уланғандардың екеуі сол жерде жан тәсілім етсе, 2003 жылғы үшінші бала ес-түссіз ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер оның жағдайы «орташа» дейді. Аталмыш оқиға бойынша іс қозғалып, сот-сараптамасы тағайындалды. Мейрамхана қожайынының кәмелетке толмаған жастарды неліктен жұмысқа қабылдағаны да жіті тексеріледі.   

Қолғанат Есмұрзаева, Жаңаөзен қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау басқармасының басшысы:

- Зардап шеккендердің барлығы кәмелетке толмағандар. Оның біреуі жеделжәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Екеуі мейрамханада қайтыс болған.

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде