{metadescription}
Бақытты билет! «Ретро ФМ Қазақстан» Мәскеу мега-шоуына ұтыс ойнатып жатыр
Бақытты билет! «Ретро ФМ Қазақстан» Мәскеу мега-шоуына ұтыс ойнатып жатыр

Бақытты билет! «Ретро ФМ Қазақстан» Мәскеу мега-шоуына ұтыс ойнатып жатыр

Еліміздегі ең үздік әуе толқындарының бірі тыңдармандарын Мәскеуге жібермек! «Ретро ФМ Қазақстан» 70-80-90-шы жылдардың хит әндері шырқалатын «Ретро ФМ аңыздары» мега-шоуына жолдаманы ұтысқа қойып жатыр. «Ottawan» тобы, София Ротару, Наташа Королева сынды жұлдыздар өнер көрсететін кешке қатысу мүмкіндігіне тыңдармандар «Бақытты билет» ойынына қатысқанда ғана ие болады.

Қашанда хит әндер жолдайтын «Ретро ФМ Қазақстан» ұжымы тыңдармандарын тағы да қуантпақ. Радио Мәскеуде өтетін дәстүрлі «Ретро ФМ аңыздары» мегашоуына жолдаманы ұтысқа тікті. 70-80-90-шы  жылдардың хит әндері шырқалатын шараға бару мүмкіндігіне кез келген тыңдарман ие бола алады. Ол үшін әуе толқынындағы «Бақытты билет» ойынына қатысу керек. Онда жүргізушілер мега-шоуда өнер көрсететін ретрожұлдыздар туралы сауал қояды.

Альбина Асхатова, радиожүргізуші:

- Мәселен, бүгін мен эфирдемін делік, белгі бердім. Және де ақпарат айтылады. Бұл ақпарат «Легенды Ретро ФМге» қатысатын қай жанға қатысты? Соның жауабын білсеңіз, онда біздің whatsapp желісіне  жазып жіберіңіз деп белгі айтамыз.

Ең бірінші дұрыс жауап берген адам жеңімпаз атанады. Бұл ойын күнделікті өткізіледі. Алайда оның нақты уақытын ешкім білмейді. Компьютер белгі берген кез келген сәтте басталуы мүмкін. Сондықтан әуе толқынынан алыстамаған жөн.

Егер сіз жай ойынның жеңімпазы атансаңыз, үш мың бірлікке ие боласыз. Ал бағыңызға орай супер-ойынға тап болсаңыз, «Ретро ФМ аңыздары» мега-шоуына жол тартасыз.

«Бақытты билет» иегерінің жатын орын мен жол шығынын радио ұжымы көтереді. Ең бастысы, жеңімпаз дәстүрлі мерейтойлық шоуға тегін кіреді. Тіпті ретрожұлдыздармен бетпе-бет жүздесу мүмкіндігі де берілмек.

Люся Яркова, «Ретро ФМ Қазақстан» радиосының бағдарлама директоры:

- «Бақытты билет» жеңімпаздарының бәрі сахна сыртына өте алады. Сөйтіп олар аңызға айналған әншілермен суретке түседі. Мүмкін, тіпті, Наташа Королева немесе Лев Лещенкомен бірге ән шырқау бағы бұйырып қалар. 

«Ретро ФМ аңыздары» фестивалі биыл 15-інші рет өткізіледі. Сондықтан мерейтойлық шара ерекше форматта ұйымдастырылуда. Оған барған да, бармаған да арманда. Шоу 14-інші желтоқсанда Мәскеудегі «Мегаспорт» спорт сарайында болады. Ал оған қатысуға мүмкіндік беретін ойын «Ретро ФМ Қазақстан» толқынында желтоқсанның 8-іне дейін жалғасады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде