{metadescription}
Диабет науқастар екі ай кешіктіріліп берілген күмәнді тест-жолағынан бас тартты   
Диабет науқастар екі ай кешіктіріліп берілген күмәнді тест-жолағынан бас тартты   

Диабет науқастар екі ай кешіктіріліп берілген күмәнді тест-жолағынан бас тартты   

Алматыда қант диабетімен ауыратын балалардың ата-анасы шу шығарды. Олар қан құрамындағы глюкоза мөлшерін анықтайтын тест жолақтарының екі жарым айдан бері берілмей жатқанына наразы. Тегін таратылатын препараттар жол болған соң, әркім өз бетінше сатып ала бастаған. Ал кей науқастарға кешеден бері өзге өндіруші шығарған тест-жолақтары үлестіріліпті. Алайда ата-аналар оны қолдануға үзілді-кесілді қарсы. Өйткені қандағы қант құрамын тексеретін құрылғының жарамдылық мерзімі өтіп кетіпті.

Ата-аналардың безілдейтін жөні бар. Бәрі де қант диабетіне шалдыққан ұл-қыздарының денсаулығына алаңдап, шыр-пыр болып жүр. Өйткені екі жарым айдан бері мемлекеттен тегін берілетін тест жолақтарын алмапты. Сондықтан кішкентай науқастардың қан құрамындағы глюкоза көлемін күнделікті тексеріп отыруға барлығы да қажетті препараттарды өз қаржысына сатып алуға мәжбүр. Бағасы да арзан емес. Бір қорабы 5 мың теңге көлемінде. «Оның өзі небәрі 2-3 күнге жетеді», - дейді ата-аналар. 

Нұржамал Медетова:

- Кейде екі аптада 200 рет бармағынан тексеремін, қантына қарап. Жаңағы бір қорап маған екі күнге, кейде үш күнге жетеді. Қосымша әрқашан алып отырамыз.

Кейбір ата-аналарға кешелі бері қажетті дәрі-дәрмек үлестіріле бастапты. Бірақ бұрынғы үйренген препараттар емес, өзге өндірушінің тес-жолақтары берілген. Алайда оны пайдаланудан ата-аналар қорқып отыр.

Наталья Ковалева:

- Қораптың сыртында жарамдылық мерзімі 2020 жылға дейін деп жазылған. Бірақ оны өшіріп, орнына 2027 жылға дейін жарамды деп жазып қойыпты. Демек бұл компания біздің балаларымыздың өміріне қауіп төндіріп тұр. Яғни мерзімі өткен құрылғы қандағы қант құрамын дұрыс көрсетпесе, балаға инсулинді артық не кем егіп қоюымыз мүмкін. Ал одан науқас өліп кетеді.

Жаңадан беріле бастаған тест-жолақтарының қорабында ылғалды сорып алатын сүзгі де атымен жоқ дейді ата-аналар. Сондықтан оны ұзақ сақтау мүмкін емес көрінеді. 

Екатерина Морозова:

- Тест жолақтары бізге енді беріле бастады. Ал мынау бұрыннан қолданып жүрген препарат. Қараңыз, ылғалды сорып алатын сүзгісі бар. Ал кеше алған қорапта ондай қондырғы жоқ. Демек бұл препараттарды сақтау, тасымалдау мүмкін емес. Ішіне ылғал жиналса, қант мөлшерін дұрыс анықтай алмайды.  

Қант диабетіне шалдыққандарға тест-жолақтарын жеткізудің біраз кешіккенін «СК-Фармация» басшылары да мойындап отыр. Ал құрылғы сыртындағы жарамдылық мерзімінің өзгертілуі бала өміріне «қауіпті емес» деп сендіргілері келді.

Берік Шәріп, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Жарамдылық кезі 9 жыл. Сол себептен олар сәйкестендіру мақсатында өндірісін 2018 жылы бастаған. Сондықтан 2027 жылға дейін жарамды. Сәйкестендіруді қалпына келтіруге қорапшаларды ұзартты.

Жаңа препараттар Алматыдан бөлек, Қарағанды, Павлодар қалаларында да беріле бастапты. Ол жақтағы науқастар да қант мөлшерін анықтайтын құрылғының жарамдылық мерзімі қолдан ұзартылғанын аңғарған. Сондықтан инсулинге тәуелді науқастар күмәнді тест-жолақтарын пайдаланудан түбегейлі бас тартып отыр.

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде