{metadescription}
Қуат Белгібаев пен Мұрат Жанғазинге қатысты сот үкімі шықты
Қуат Белгібаев пен Мұрат Жанғазинге қатысты сот үкімі шықты

Қуат Белгібаев пен Мұрат Жанғазинге қатысты сот үкімі шықты

Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуат Белгібаев пен бөлім басшысы Мұрат Жанғазинге қатысты сот үкімі шықты. Басынан дау арылмаған мекеме қызметкерлері қаңтар айында 200 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Жарты жыл ғана жаңа қызметте болған Қуат Белгібаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта Белгібаевтің тергеу абақтысының қызметкеріне ұялы телефон алып кіргізуге 100 мың теңге бермек болғаны да анықталды. Ал оның қол астындағы қызметкері Мұрат Жанғазин ендігі 7 жылын темір торда өткізеді.

Сондай-ақ, сотталған экс-шенеуніктер өмір бойы мемлекеттік қызметке жолай алмайды. Оларға «алдын ала сөз байласып ақша бопсалады» деген айып тағылған.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш департаменттің бұрынғы басшысы Ернұр Байғұрманов та миллиондап пара алды деген күдікке ілініп, ақыры сотта ақталып шыққан еді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде