{metadescription}
Дәретханадағы зорлық. Тараз білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
Дәретханадағы зорлық. Тараз білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Дәретханадағы зорлық. Тараз білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Тараздық оқушының әжетханада зорлануы қалалық білім бөлімі басшысын да жұмыссыз қалдырды. Бүгін Мүбәрак Жинақбаева өз еркімен арыз жазып, жылы орнын босатып берді.

Ол денсаулығына байланысты осы айдың басынан бері емделіп жүрген. 12 жастағы қызға азғындық жасалған күні де ауруханада жатыпты. Алайда оның сырқаты қызметте қалуына себеп бола алмады. Кеше жұмысқа шыққан шенеунік бүгін жұмыссыздар тізімін толықтырды. Жинақбаева мекемені екі жарым жылдай басқарған.

Бұған дейін облыстық білім басқармасының басшысы мен қала әкімі, мектеп директоры және бірнеше мұғалім қызметімен қош айтысқан. Қалалық полиция басқармасы бастығы мен педофилді аулаға жіберіп қойған мектеп инспекторы да жұмыстан шеттетілген.

Айта кетейік, қоғамды дүрліктірген оқиға қала мектеперінің бірінде болған еді. 7-сынып оқушысын 36 жастағы азамат дәретханада зорлаған болатын.    

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде