{metadescription}
Еңбек! 2020 жылдан бастап Алматы жұмыссыздары солтүстікке көшіріледі
Еңбек! 2020 жылдан бастап Алматы жұмыссыздары солтүстікке көшіріледі

Еңбек! 2020 жылдан бастап Алматы жұмыссыздары солтүстікке көшіріледі

Келер жылдан бастап Алматы халқы солтүстікке көшіріледі. Яғни «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ерікті түрде қоныстанбақ. Басты мақсат – солтүстіктегі тапшы кадрлардың қатарын толықтыру.

Үкімет 2020 жылы тұрақты табысы жоқ 6 мың адамды көшіріп, жұмыссыздар санын азайтпақ. Өйткені оңтүстік өңірлерде халықтың өсу қарқыны жоғары. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ерікті қоныс аудару әркімнің өз еркі. Енді бұл тізімге Алматы халқы да еніп отыр. 2020 жылдан бастап педагогикалық және техникалық мамандықтарды игерген кадрларды қабылдайтын облыстардың қатарына Қарағанды мен Ақмола қосылмақ.

«Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылғалы оңтүстіктен солтүстіккке 18 мың адам қоныс аударған. Бұл шамамен 5 мың отбасы. Биыл солтүстік аймақтарға 8 мың адам көшкен.

Рауан Қапан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, халықты жұмыспен қамту департаментінің сарапшысы:

- Алматы облысында қазір 1 млн 800 мыңнан астам халық тұрады. Оның 50 мыңнан астамы жұмыссыз азаматтар және бұл ретте Алматы қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды. Бұл орташа республикалық деңгейден 0,3 пайыздық деңгейге жоғары.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде