{metadescription}
Жастар жылы! Елордаға әлемнің кіл мықтылары жиналды
Жастар жылы! Елордаға әлемнің кіл мықтылары жиналды

Жастар жылы! Елордаға әлемнің кіл мықтылары жиналды

Әлемнің кіл мықтылары Нұр-Сұлтанда! Мұнда жастар жылы аясында университеттердің халықаралық конгресінің ең соңғы іс-шарасы өтті. Оған әлемдегі 60-тан астам университеттің ректорлары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Ауқымды шара Тұңғыш Президент - Елбасы қорының қолдауымен өткізілді.

Бір университет базасында бір мезгілде бірнеше ауқымды іс-шаралар әлем бойынша алғаш өткізіліп отыр. Ал бүгінгі қорытынды жиында студенттер мен жас оқытушылардың тұрақты дамуды іске асырудағы үлесі жайында сөз қозғалды. Жалпы, халықаралық конгрестің басты мақсаты - отандық жоғары білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экспорттық потенциалын сараптау. Сондай-ақ, осы салаға инвестиция тартып, еліміздің танылуына және оны Орталық Азия білім беру орталығына айналдыру көзделген.

Әсет Исекешев, Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры:

Университеттің рөлі – жастардың тұрақты дамуының қозғаушы күші мен құндылықтардың тасымалдаушысы. Бұл тұрғыда университеттер тек әрбір түлектің ғана емес, тұтас ұлттың дамуы мен бірігуіне себепкер болатын бастапқы алаң. Сондай-ақ, тұрақты дамудың ең негізгі мақсаты экономика, әлеуметтік сектор және экологияны дамыту. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде