{metadescription}
Ирак! Жиһадқа аттанған Қазақстан азаматтарының ұл-қызы еліне оралды
Ирак! Жиһадқа аттанған Қазақстан азаматтарының ұл-қызы еліне оралды

Ирак! Жиһадқа аттанған Қазақстан азаматтарының ұл-қызы еліне оралды

Ирактан 14 бала елге оралды. Жалған сенім жетегінде кетіп, жиһадқа аттанған Қазақстан азаматтарының ұл-қыздары. Әкелері сол соғыста өлген, шешелері Бағдат түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Қазақстан тарапы арнайы операция ұйымдастырып, ата-анасыз далада қалған шиеттей бала-шағаны елге әкелген.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Операцияға жұмсалған қаржы 57 млн тенге шамасында, бұл қаржы көбіне балаларды қайтаруға арналған ұшақты жалға алуға жұмсалды. Ал оларды елдегі сауықтыру мәселелері орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қаржыландырылады.

Елге жеткізілген 14 баланың төртеуі мектеп жасындағылар. Араларында жасқа толмағандары да бар. Бүгінгі таңда балаларға барлық жағдай жасалған. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы қолдау орталығына орналастырылды. Ирактағы түрмеде аналарының қасында болған балалар ешқандай білім алмаған. Тіпті қазақша да білмейді. Сондықтан елордалық психологтар, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Ал елордаға жеткізілген ұл-қыздарды осындағы ағайын-туыстары күтіп алды.

- Соңғы байланыс 2017 жылы 5ші ақпанда болды. Бірақ, оларды тірі деп ойладым. Кеше көптен бері немеремді көргенде, жылап, бойымды ерекше сезім биледі. Маған қарап күлді, сосын көзі жасқа толды. Ішімдегі сезімді айтып жеткізе алмаймын. Барлығына аналық алғысымды білдіремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.