{metadescription}
Қытайдың екі азаматы ҰҚК қызметкеріне екі миллион бермек болған
Қытайдың екі азаматы ҰҚК қызметкеріне екі миллион бермек болған

Қытайдың екі азаматы ҰҚК қызметкеріне екі миллион бермек болған

Атырауда пара бермек болған Қытайдың екі азаматы қамауға алынды. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне екі миллион теңге ұстатпақ болған.

Бұған дейін қос қытай азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалыпты. Өйткені олар Көші-қон заңын елемей, Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген. Тәртіп сақшылары ұстап, сотқа дейін жеткізеді. Ал қытайлар істі тоқтатуға араға тамыр-таныс салып, тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне дейін жолыққан. Оған қонақ үйде екі миллион пара беріп жатқан кезінде ұсталды. Одан бөлек қолдау көрсетіп отырса, ай сайын 200 мың теңгеден ауызбастырық беруге уәде еткен. Бірақ сертінен таймаған қауіпсіздік қызметкері қытайлықтарды ұстап берді. Қазір екеуі қамауда отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.