{metadescription}
Тұңғыш Президент қоры қазақша контенттің дамуына ерекше мән береді
Тұңғыш Президент қоры қазақша контенттің дамуына ерекше мән береді

Тұңғыш Президент қоры қазақша контенттің дамуына ерекше мән береді

Ғаламтор желісінде мемлекеттік тілді дамытып, қазақша контент үлесінің ұлғаюына ықпал етіп жүрген республикадағы интернет-сайттар марапатталды. Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған байқау осымен төртінші рет өткізіліп отыр.

Әлкей Марғұланұлы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Біздің қазақ қоғамында қазақ тіліндегі ақпаратты тұтынушылардың саны артып және олардың сапаға деген талап күшейіп келе жатыр. Сол себепті, Елбасы қоры бұл БАҚты қолдау арқылы қоғамдағы қазақ тіліндегі контенттің дамуына өте қатты мән беріп отырғанын жеткізгім келеді.

Интернет-сайттар арасындағы дода тоғыз аталым бойынша өткен. Биыл 30-ға жуық үміткер сайысқа түсті. Қазылар алқасы қазақ әдебиеті, қазақ тарихы, қоғамдағы өзекті мәселелер, жастар, балалар, ойын-сауық тақырыбында, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген үздік электронды бұқаралық ақпарат құралдарын таңдап алған. Байқау жеңімпаздарының әрқайсысына 1000 доллардан жүлде табысталды.

Тұңғыш Президент қоры қазақтілді интернет-порталдарды әрқашан қолдап, ынталандыруды дәстүрге айналдырған. 2016 жылы басталған дәстүрлі сайыста бүгінге дейін 25 қазақша сайт жүлдегер атаныпты.

Алтынбек Құмырзақ, Dasturkb.kz сайтының редакторы:

- Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілдегі сайттарға қолдау өте қарқын алып келе жатыр. Бұл еліміздегі ақпараттық үдерістегі оқырманның үлесін білдірген негізгі себептерінің бірі деп білеміз. Осындай байқауды ұйымдастырып отырған Тұңғыш Президент – Елбасы қорына алғысымызды білдіреміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.