{metadescription}
Семейдегі жазасын өтеушілер мекеме қонақтарына өнер көрсетті
Семейдегі жазасын өтеушілер мекеме қонақтарына өнер көрсетті

Семейдегі жазасын өтеушілер мекеме қонақтарына өнер көрсетті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Семейдегі қатаң тәртіптегі 156/15 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерге концерт ұйымдастырылды. Жергілікті өнерпаздар тұтқындардың алдында ән айтып, би биледі. Ал жазасын өтеушілер де өнерпаздардан кемшін қалмады. Олар да мекеме қонақтарына өнерін паш етті.

Темір тордың ішінде сан тағдыр бар. Олар өнерден құр алақан емес. Тіпті араларында еліміздің эстрада жұлдыздарымен өнер ордасында бірге оқығандар да бар. Солардың бірі – Владимир Дегтярёв. Ол ғайыптан тайып жаза басып алты жылға бас бостандығынан айырылған. Енді бостандыққа шығуға бес ай қалыпты. «Жаза басқаныммен, абақтыда талантымды тұншықтырмадым» деп отыр.

Владимир Дегтярёв, жазасын өтеуші:

- Мұнда өнерлі азаматтар көп. Ән айтатын, өлең жазатындар да бар. Сондықтан бәріміз бірігіп, кез келген мерекенің ажарын ашуға тырысамыз. Бізге қоғамнан тыс қалғанымызды сезінбеуге мүмкіндік беретін басшылыққа алғысым шексіз.

Мұнда барлық мереке ескерусіз қалып көрмеген. Кез келген мәдени іс-шараға жазасын өтеушілер ерекше құлшыныспен дайындалатын көрінеді. Өздері ішінара концерттермен шектелмей, қойылымдар арқылы сайысқа да түседі.  Ал мекеме басшылығы: «Мұндай шаралар олардың түзелуіне оң ықпал етеді», - дейді.

Руслан Қамаржанов, ОВ 156/15 түзеу мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

- Сотталғандармен тәрбиелік жұмыс жасауға мекемеде өзінөзі тәрбиелеу секциясы жұмыс істейді. Яғни мұнда олар әр түрлі үйірмелерге қатысады. Қолөнер, музыкалық аспаптарда ойнау үйірмелері бар.

Қазір темір тордың аржағында 600-ге жуық жазасын өтеуші бар. Олардың барлығы аса ауыр қылмыс жасағандар. Ал жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеу мекеме басшылығының басты назарында. Бостандыққа шығуға алты ай қалғанда психологтар жұмысты күшейтіп, тіпті қызметтік орындарда әзірленетін көрінеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.