{metadescription}
Ақталып шыққан белгілі профессор Мамытбековтың басына қайтадан қара бұлт үйірілді
Ақталып шыққан белгілі профессор Мамытбековтың басына қайтадан қара бұлт үйірілді

Ақталып шыққан белгілі профессор Мамытбековтың басына қайтадан қара бұлт үйірілді

Сотта кінәсіздігі дәлелденіп, ақталып шыққан белгілі профессор Ғалымжан Мамытбековтың басына қайтадан қара бұлт үйірілуі мүмкін. Бүкіл өмірін ғылымның дамуына арнаған азаматттың айтуынша, Бас прокуратура Алматы соты шығарған үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауды талап етуде.

Ғалымжан Мамытбеков:

- Апелляциялық сот коллегиясының шешімімен биыл 17ші мамырда толық ақталып шыққанмын. Арада жарты жыл өткен соң Бас прокуратура  Алматы сот коллегиясының шешіміне қарсылық білдіріп отыр. Олар апелляциялық сотта көрсетілген айғақтардың барлығы жеткіліксіз дей келе қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүр деп санайды. Бірақ барлығы жала деп ойлаймын.

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы қызметкеріне алғашында 500 миллион теңге жымқырды деген айып тағылған. Осы даудан соң уран өндіру технологиясының авторы сегіз жылға сотталған. Кейін көптеген эпизод бойынша оған тағылған айыптар тізімі мен жаза мерзімі қысқарды. Алайда соның өзінде үш жылға жуық өмірін темір торда өткізген ғалым биыл мамыр айында толық ақталып, «83 миллион теңге жымқырды» деген айып алынып тасталды. Бірнеше жылдық сергелдеңнен соң өмірі бір арнаға түсе бастаған Ғалымжан Мамытбековке  тағы да жемқор еместігін дәлелдеуге тура келіп тұр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.