{metadescription}
Белбұлақ! Алматы облысында 231 адам баспанасынан айырылуы мүмкін
Белбұлақ! Алматы облысында 231 адам баспанасынан айырылуы мүмкін

Белбұлақ! Алматы облысында 231 адам баспанасынан айырылуы мүмкін

Алматы облысында 231 адам баспанасынан айырылуы мүмкін. Себебі, Белбұлақтағы олар үй тұрғызған аумақты жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылайтын облыстық басқарма заңсыз деп танып отыр. Жұрт біразы 6 сотық телімін жиған ақшасына сатып алса, өзгелері бөліп төлеп жүр. Ал тұрғындарға тиесілі жер актісін Әділет министрлігі «заңды» деп танып, тіркеуден өткізіпті.

- Құрылыс әлі аяқталмаған. Осы жер мәселесі бойынша шу шыққаннан кейін мен үлкен үйді салуды тоқтатып қойдым...

Тимур Жапаров алты сотық жерді 2 жарым млн теңгеге сатып алып, монша, қойма мен жаздық асхана салған. Ол құрылыс қызған сәтте соттан шақырту келгенін айтып қынжылады.

Тимур Жапаров, Белбұлақ ауылының тұрғыны:

- Мемлекеттік шенеуніктер осыған дейін неге алдын ала айтпаған? Неге алдынала бәрін қадағаламаған? Өйткені мемлекеттік акті дұрыс емес болатын жағдайда алдын ала  салмайтын да, сатып алмайтын да едік қой. Қаншама адам240 адам далада қала ма? 

Белбұлақта үй тұрғызғандардың барлығы «Юпитер Далекс» компаниясы арқылы жер теліміне қол жеткізген. Яғни суы, жарығы тартылып, жол салынған жерді көргенде қуандық дейді. Кейбірі жердің ақысын әлі де бөліп  төлеп жүр.

Дилшад Иманбердинов, Белбұлақ ауылының тұрғыны:

- Біз жерді басып алған жоқпыз. Біреулер қолмақол ақшасын төлеп, телімдерді сатып алды, енді біреулер әлі бөліп төлеп жүр. Мұндағы жұрт мемлекетке алақан жайып отырған жоқ. Біздің талабымызөз күшімізбен тұрғызған баспананы өзімізге қалдырсын.

Жазда қоныс тойын тойлағандардың қуанышы көпке созылмады. Жауапты басқарма тексеру жүргізіп, Талғар аудандық әкімдігінің заңсыздыққа барғанын анықтады. Яғни, 18 гектар аумақтағы шаруа қожалығына арналған жерлерді «бағбандық» деп өзгерткен.

Асылхан Байшоранов, Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы:

- Аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты – шаруа қожалығын жүргізуден «бағбандық құрылыс» жүргізуге ауыстырылған және аталған жер учаскесі 231 жер учаскеге бөлшектелген. Алайда Жер кодексінің 97 бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ерекше қорғауға жатады. Олардың нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салынады.

Жер кодексіндегі аталған талаптар былтырдан бастап қолданысқа енді. Тұрғындар мен басқарма өкілдерінің талабы енді сотта қаралуда.

Тұрғындар азаматтық сотта жеңіліп далада қалудан қорқады. Себебі, көбі құрылыс материалдарына қол жеткізу үшін банктен несие алған, өзгесі қаладағы пәтерін сатып осы жерден баспана тұрғызыпты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.