{metadescription}
Токамак! Жобасы 22 жыл бұрын қабылданған термоядролық қондырғы іске қосылды
Токамак! Жобасы 22 жыл бұрын қабылданған термоядролық қондырғы іске қосылды

Токамак! Жобасы 22 жыл бұрын қабылданған термоядролық қондырғы іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет термоядролық токамак қондырғысы іске қосылды. Әлемдегі алғашқы теңдесі жоқ жобаны жүзеге асыру туралы шешім 22 жыл бұрын қабылданған болатын. Қондырғы Курчатов қаласында ұзақ жылдар бойы ресейлік ғалымдармен бірге жасалған.

Жобаның жалпы құны 7 миллиард теңгеден асады. Енді еліміз токамак арқылы  экологиялық қауіпсіз энергияның кілтін қолына алды деуге негіз бар. Бүгінде қондырғыны бірлесіп пайдалануға ТМД мемлекеттері ниет танытып отыр. Тіпті оған АҚШ, Жапония сияқты алпауыт елдер де қызығушылық білдірген. Өйткені жоба күрделі энергетикалық мәселелерді шешуге таптырмас мүмкіндік береді. Алайда Ұлттық ядролық орталық мамандары оның қуатын арттыруды үш кезеңге бөліп жоспарлаған. Ал алғашқы екі кезең сәтті жүзеге асырылды.

Ержан Қашықбаев, Ұлттық ядролық орталық термоядролық бөлімінің топ бастығы:

- Бірінші кезеңде нәтижелер басқаша болды. Екінші кезеңде өте жоғары нәтижеге қол жеткіздік. Көп еңбектендік, бір айдан астам жұмыс жүргізілді. Алдымызда тағы басқа жоспарлар бар. Келесі кезеңде термоядролық реактор да жоспарланған параметрге шығу қажет.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.