{metadescription}
Алматы әкімі қандай жағдайда қызметінен кетеді, айлығы қанша, жезөкшелермен қалай күреседі?
Алматы әкімі қандай жағдайда қызметінен кетеді, айлығы қанша, жезөкшелермен қалай күреседі?

Алматы әкімі қандай жағдайда қызметінен кетеді, айлығы қанша, жезөкшелермен қалай күреседі?

Алматы әкімі журналистермен ашық әңгімелесті. Бақытжан Сағынтаев қандай жағдайда қызметінен кете алатынын, айлығы қанша екенін және болашақта өз қаласында жезөкшелерге қалай орын бермейтінін айтты. Ол Нұр-Сұлтанға барып, өз жұмысы туралы есеп беріп, Алматының 10 айда қалай өзгергенін әңгімеледі. Көп нәрсе жасалыпты. Бірақ болашаққа жоспар тіпті көп.  

Бақытжан Сағынтаев алып Алматының соңғы он айда қалай дамып жатқанын бар-жоғы 25 минутқа сыйғызды. Әкімнің баяндамасына сенсек, экономика қарқынды, салық түсімдері көп, еңбек нарығында да өсім байқалады. Десе де, алдағы уақытта халықтың тұрмысын жақсарту үшін таза ауыз су, аулаларды жарықтандыру, сапалы жол мен қоғамдық көлікті дамыту басты бағыт. 

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Басты міндетіміз – тұрақты экономикалық жүйе қалыптастырып, алматылықтардың әлауқатын арттыру. Сондай-ақ, өмір сүру деңгейі мен бизнеске қолайлы әлемдегі ең үздік 100 қаланың қатарына енуді көздейміз.

Бірақ алдымен алматылықтардың қайда тұратынын шешу керек. Сағынтаевтың мәліметі бойынша, қазір қала тұрғындарының саны 3 миллион адамға жеткен. 2030 жылға қарай 5 миллион болмақ. Сондықтан, тұрғын үй мәселесін шешу маңызды.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі (ауд.):

- Алдағы 5 жылда 20 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Сондайақ, Алматы облысымен бірлесе отырып мектеп, балабақша, емхана, жедел жәрдем пункттері мен ауруханалар тұрғызатын жер телімдерін белгіледік.

Тілшілер жер асты жолы төңірегіндегі дауды да еске салды. Жуырда «Алматыметроқұрылыстың» басшысы қамауға алынып, қарамағындағылар жұмыс тоқтап қалуы мүмкін деп алаңдаушылық танытқан болатын. Тек Сағынтаев алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Ол құрылыстың соңына дейін жеткізілетінін қадап айтты.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Олар инвесторлар кетіп қалады дейді. Қайдағы инвестор? Метро бюджет ақшасына салынып жатыр. Ол жақтан кім кетпекші? Ешқандай инвестор жоқ. Ешкім ешкімді қуайын деп жатқан жоқ.

Әкімнің шаһар басшысы ретінде алғаш халық алдына шыққан сәті еске алынды. Ол кезде Сағынтаев вокзалға барып, жергілікті тұрғындармен кездескен еді. Ал жұрт маскүнемдер, нашақорлар мен жезөкшелер тыныштық бермейді деп, шағымданды. Олармен ақылмен күресу керек дейді Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- Көшелердің бәрін жарықтандырамыз, көріктендіреміз. Сонда жезөкшелер өздеріақ жол бойында тұрмайтын болады. Оларды сүйреп әкетуден аулақпыз. 

Әкімнен қарамағындағы қызметкері жемқорлыққа қатысты дауға іліксе, қызметтен кету-кетпеуі туралы сұралды. Ал Сағынтаев заңға бағынатынын жеткізді. Десе де, мұндай жағдай бола қалса, соңғы шешімді Президент қабылдайды. Сондай-ақ, бүгін әкімнің жалақысы қызығушылық туғызды. Сөйтсе, Бақытжан Сағынтаев өзге әкімдер сияқты салықты алып тастағанда 700 мың теңге айлық алады екен.

Елорда мен Алматының қайсысы Бақытжан Сағынтаевтың жанына жақын екені де қызығушылық туғызды. Әкім Нұр-Сұлтан қаласында өткізген 21 жылдан соң, оны сағынбау мүмкін еместігін жеткізді. Бірақ, ол Алматыны да жақсы көреді. Десе де, қос қаланы салыстыруға болмайды дейді шенеунік. Өйткені қай қалада тұрсаң да, қай өңірді басқарсаң да Елорда әрқашан бірінші орында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.