{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды. Орталық Азиядағы мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Консультативтік кездесудің Құрметті төрағасы ету туралы шешім қабылдады. Елбасы да тың бастама көтерді. Алдағы наурыз айында алғаш рет Орталық Азия күні аталып өтуі мүмкін.

Тұңғыш Президент Өзбекстан астанасына екінші консультативтік кездесу отырысына қатысуға барған. Назарбаев жиын басталмас бұрын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Олар екіжақты қарым-қатынас, жаһандық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Ал кейін кеңейтілген отырыста Елбасы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттерімен бірге Орталық Азиядағы серіктестікті кеңейтуге бағытталған бірқатар басым шараларды кеңінен талқылады. Қауіпсіздік мәселесіне де баса назар аударылды. Өйткені Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандарында тұрғындар арасында қақтығыс орын алған-ды. Қазір жағдай тұрақты. Дегенмен Назарбаев көрші елдерді татулыққа, ынтымақтастықа шақырды. Және 15 наурызды Орталық Азия күні деп белгілеуді ұсынды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.