{metadescription}
Кассада билет бола тұра, жолсерікке неге пара береді? 
Кассада билет бола тұра, жолсерікке неге пара береді? 

Кассада билет бола тұра, жолсерікке неге пара береді? 

Жол жүрудегі жемқорлық! Атырауда билетсіз жолаушылармен ашық саудаласқан жолсеріктер тұтылды. Билетсіз жол жүруге жолаушылар да бейім. Яғни, кассада билет бола тұра, жолсерікке пара бергенді жөн санайтындар көп екен.

- Жолсерік ортақ вогонға бара бер, сосын шешеміз деп жатыр.

Бұл Атырау-Маңғышлақ пойызына мінгісі келгендер мен жол серіктің диалогы. Бейнеу станциясына дейін жетпек болған жолаушы 1,5 мың теңгеге бола заң бұзды. Енді жолаушыға әкімшілік шаралар қолданылып, жолсерікке қатысты қызметтік тексеру шаралары жүреді.

Тексеру тобы мүшелерінің айтуынша, билетсіз жүру оқиғалары демалыс және мейрам күндері көп тіркеледі. Сондай-ақ, жүк тасуға келгенде де «бармақ басты, көз қыстылық» жиі кездеседі. Жыл басынан бері 74 тексеру жүргізген жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері жарты тоннаға жуық жүк тәркілеген.

Жәнібек Қаражанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің басқарма басшысы:

- Нақты айтқанда, 102 билетсіз жолаушы анықталды. Олардың барлығына әкімшілік шара қолданылып, тиісті жазаларын алды. Енді осыдан басқа заң бұзушылыққа жол берген, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын көріністерге жол берген жолсеріктерге қатысты тәртіптік ісшара қолданылады. Оның ішінде бес жолсерікке қатысты тиісті шара қолданылған.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.