{metadescription}
Құрманғазы консерваториясына 75 жыл! Халық әнінің дайындық курсын алғаш рет кім ашты? 
Құрманғазы консерваториясына 75 жыл! Халық әнінің дайындық курсын алғаш рет кім ашты? 

Құрманғазы консерваториясына 75 жыл! Халық әнінің дайындық курсын алғаш рет кім ашты? 

Мерейтойлық концерт! Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығы аталып өтті. Айтулы шараны мәдениет және спорт министрлігі, Тұңғыш Президент қоры мен Алматы әкімдігі ұйымдастырды.

Салтанатты шарада Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова оқу ордасының ұжымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. Талай жыл талмай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар Президенттен Алғыс хат алды. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар да бар. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы - кәсіби музыканаттарды баулитын өнер-білім ордасы. Ахмет Жұбанов, Әлібек Дінішев, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова секілді өнер майталмандары осы консерваторияның түлектері. Мерейтойлық концертте студенттер мен магистранттар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен бірнеше шығарманы орындады. Соның ішінде халық әндерінің орны ерекше. Алғаш рет консерваторияда 31 жыл бұрын республикалық деңгейде Дәстүрлі ән өнері кафедрасы ашылып, содан бері талай жас тәлім алып жүр.

Еркін Шүкімән, дәстүрлі әнші:

- Халық әнінің ең алғаш дайындық курсын ашқан – Әмина Нұғыманова апамыз. Қазақтың ұлттық аспаптарын оқытуды да ең алдымен жолға қойды. Мысалы қобыз, домбыра, кейіннен шертер, баян сыныптары ашылды. Сол секілді біздің қазіргі «дәстүрлі ән» деп жүрміз, халық әні кафедрасы ашылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.