{metadescription}
Сенсация! Kaspi.kz бизнес серіктестеріне арналған кредитті іске қосады
Сенсация! Kaspi.kz бизнес серіктестеріне арналған кредитті іске қосады

Сенсация! Kaspi.kz бизнес серіктестеріне арналған кредитті іске қосады

Kaspi.kz келесі жылды шағын және орта бизнестегі серіктестерінің әлеуетін арттыруға арнайды. Бұл туралы жыл сайынғы дәстүрлі таныстыру шарасында Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе айтты. Ал барша қазақстандықтарға Kaspi.kz төлем мен сатып алу туралы қалыптасқан көзқарасты тағы да өзгертетін жаңа өнімдер ұсынды.

Таныстырылым залына кіргендердің барлығы болашақ туралы айтылатынын бірден түсінді. Кеңістік ішінде лазерлік оттар жарқырап, фантастикалық музыка ойнап тұр. Басқа әлемге енгендей сезінесің. Михаил Ломтадзе сөзін таңқалдыратын цифрлардан бастады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы: 

- 2019 жылдың қыркүйегінде 107 миллион карталық операция болды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12 есеге көп.

Kaspi.kz бұл шегі емес дейді. Келесі жылдың басында Қазақстандағы Kaspi.kz-тің барлық бөлімшесінде ерекше Kaspi Картоматтар пайда болады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы: 

- Біз Қазақстанда баламасы жоқ ерекше қызмет пен құрылғыны жасап шығардық. Көз алдыңызда, 60 секундта атыңыз жазылған Kaspi Gold шығарып береді.

Алайда таныстырылымдағы басты жаңалық Михаил Ломтадзенің қазақстандық бизнесті қолдау туралы жоспары болды.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы: 

- Қазір біздің 9000 астам серіктесіміз бар. Соңғы 12 айда біздің серіктестеріміз Kaspi.kz арқылы шамамен 600 миллард теңгеге зат сатты. Kaspi POS өз кезегінде ерекше технология. 

Kaspi POS - Kaspi QR технологиясымен жабдықталған және құны 100 мың теңге шамасында. Kaspi.kz серіктестері оны тегін алады. Жақын арада мұндай құрылғылар Kaspi Gold-тан картасыз, Kaspi QR арқылы төлем қабылдай бастайды. Бұл сатып алушыға да, Kaspi.kz-тің серіктес-дүкендеріне де ыңғайлы, әрі тиімді.

Қол соғып болған соң бұдан да сенсациялық мәлімдеме жасалды: Kaspi.kz 2020 жылды серіктестерін қолдау жылы деп жариялап,  бизнес серіктестеріне арналған кредитті іске қосады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:

- Біз Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан жақсы, сапалы компаниялар мен командалар барына сенеміз, оларды көріп жүрміз. Олар Kaspi.kz-пен жұмыс істейді және ел аумағында біздің 9000 мыңнан астам серіктестеріміз бар. Сондықтан біз шағын және орта бизнес нарығына кіруді шештік. Бірінші кезекте Kaspi.kz-пен жұмыс істейтін, яғни Kaspi.kz арқылы сататын, төлем қабылдайтын серіктестерімізден бастаймыз. Біз серіктестерімізбен бірге Қазақстанда адал дамып отырған, өз елінің дамуына үлес қосқысы келетін сапалы компаниялар көп екенін дәлелдейміз деп үміттенемін.

Kaspi.kz-тің ерекше өнімдері мен сервистері туралы тек Қазақстанда ғана айтылмайды. Kaspi.kz туралы Гарвард бизнес мектебі бизнес-кейс жазып, студенттердің оқу бағдарламасына қосқан.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы: 

- Гарвардтың бизнес мектебі Kaspi.kz туралы кейс жазды және бұл кейспен бизнес мектептің екінші курс студенттерін оқыта бастады. Бізге профессорлар келіп, компанияны зерттеді, Қазақстанмен танысты, нәтижесінде әлемнің жетекші университеті Гарвард бизнес мектебінде қазақстандық Kaspi.kz туралы кейс пайда болды. Алғашқы екі дәрісте біз командамызбен бірге бірінші кезекте - Қазақстан, Қазақстанда жасалған инновациялық компания - Kaspi.kz туралы айттық.

Kaspi.kz компаниясы Қазақстандағы цифрлық экономика мен бизнестің дамуына үлкен үлес қосты. Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тің жаңа қызметтерінің тиімділігін келесі жылы көрсетуге уәде берді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.