{metadescription}
Химик-профессор! Мамытбеков түрмедегі үш жылына өтемақы талап етпекші
Химик-профессор! Мамытбеков түрмедегі үш жылына өтемақы талап етпекші

Химик-профессор! Мамытбеков түрмедегі үш жылына өтемақы талап етпекші

Жоғары сот Ғалымжан Мамытбековтің ісіне соңғы нүктесін қойды. Белгілі қазақстандық ғалым «Қазатомөнеркәсіптің» ақшасын жымқырды деп айыпталып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ, сот одан 80 миллион теңге төлеуді талап етті. Алайда өткен жылы бұл істі қайта қарап шыққаннан кейін Мамытбековті бәрібір ақтап шықты.

Негізі прокурорлар бұл шешімге төрт рет наразылығын білдірді. Ал бүгін Жоғары сотта қаралған бесінші шағым соңғысы болды. Бұл жолы тағы да прокурорлар жеңіліс тапты. Сот алқасы Мамытбековке тағылған айып жалған, куәгерлердің жаласы да қисынсыз деп санайды. Енді химик-профессор заңсыз үкімнің кесірінен отырып шыққан үш жылына өтемақы талап етемін деп отыр.

Ғалымжан Мамытбеков, ғалым:

- Прокурордың шағымы келгенде, «неге кетіп қалмадым» деген менде өкініш болды. Шетелге жақсы өмір сүру үшін емес, зерттеушіғалым ретінде өзімді дамытуға барғым келген. Енді мен елімізде толыққанды ғылыми жұмыстарға араласатыныма сенімді емеспін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.