{metadescription}
Контракшн компани! Байсеркеге газ тартуға жауапты мекеме салғырттық танытып отыр
Контракшн компани! Байсеркеге газ тартуға жауапты мекеме салғырттық танытып отыр

Контракшн компани! Байсеркеге газ тартуға жауапты мекеме салғырттық танытып отыр

Көгілдір отынды күтуден шаршағандар. Алматының іргесінде Байсерке ауылының тұрғындары газға қол жеткізе алмай отыр. 50-ден аса адамның мердігер компаниямен келісім-шарты бар. Алайда жауапты мекеме салғырттық танытып отыр. Ондағылар газ тартуға қажетті соманың тең жартысын көпшіліктен жинап та алған.

Табиғи газды күтуден шаршаған Елена Харламова үйін қондырғының көмегімен жылытып жүр. Қос баллонды бір бөлмеде сақтау өте қауіпті. «Басқа амалым жоқ», - дейді.

Елена Харламова, Байсерке ауылының тұрғыны:

- Біз алғашқылардың бірі болып «Контракшн компанимен» 2018 жылдың мамыр айында келісімшартқа отырдық. Төламақының 50 пайызын бірден бердік. Ауылға негізгі құбыр тартылған. Ары қарай үйлерге газ беретін құбыр жоқ. Жауапты компания түрлі сылтау айтудан жалықпайды.

Негізі бұл ауылға газ тартылған. Ары қарай оны үйге кіргізіп беруге тендер ойнатылып, «Контракшн компани» серіктестігі бекітіліпті. 70 адамнан 400-500 мың теңгеден ақша жинаған олар тек 19-ын газбен қамтыған. Серіктестік басшылығы барлық мәселені жоғарыдан рұқсат беретін комиссияның тексеруімен байланыстырады. Олардың айтуынша, осыған дейін құжаттарды реттеуге уақыт кеткен. «Өрт қауіпсіздігіне қатысты бақылаудан өту бір күндік шаруа емес», - дейді.

Дамир Пішембаев, «Контракшн компани» ЖШС директоры:

- Бір көшеде 30 үй болса соның тең жартысы газ тартуға келісімін беруі керек. Строительная көшесіндегі екі үйдің иесіне қатысты айтсақ, ақшасын қайтарып бергіміз келген. Олар оған келіспей, «күте тұрамыз» деді. Жаңа жылға дейін 37 үйге көгілдір отын тартып беруді жоспарлап отыр.

Жоспардағы істің нақты қашан жүзеге асатынын ешкім білмейді. Тек талай жыл көмір жағудан зәрезап болған байсеркеліктер газға қол жеткізу үшін амалсыз күтуге әзір.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.