{metadescription}
Мұнайлы өлке – Атырау облысы электр энергиясынан әлі күнге ресейліктерге тәуелді
Мұнайлы өлке – Атырау облысы электр энергиясынан әлі күнге ресейліктерге тәуелді

Мұнайлы өлке – Атырау облысы электр энергиясынан әлі күнге ресейліктерге тәуелді

Атырау облысының тең жартысы үш күн бойы жарық пен жылусыз отырды. Бұған жергілікті жылу электр орталығындағы апат пен көрші облыстардан алатын қосымша энергия көзінің жетіспеушілігі себеп болған.

Апаттан соң 1-ші желтоқсаннан бастап өңірде үнемдеу жүйесі енгізілген. Тұрғындар өткен мерекені жарық пен жылусыз қарсы алуға мәжбүр болды. Өйткені облыс орталығы мен кейбір аудан орталықтарында жарық пен жылу уақытша ажыратылды.

Алдыңғы күні Атырау жылу электр орталығында да қуатты турбинаның бірі істен шыққан еді. Ал қосымша энергия алып отырған көршілес Маңғыстау атом электр комбинатында да техникалық ақау салдарынан артық қуат көзі өндірілмеген. Осының кесірінен үш күн бойы жарты облыс жылусыз және түнекте отырды. Қазір облыс бойынша жылуға тапшылық сағатына 100 МегаВатты құрайды. Ал электр қуатымен қамту жүйесі қалпына келтірілген. Дегенмен мамандар «ешқандай кепіл бере алмаймыз» дейді. Өйткені мұнайлы өлке электр энергиясы жағынан әлі күнге көрші облыстар мен Ресейлік әріптестеріне тәуелді.

Ғабиден Қанатов, Атырау қалалық электр жүйелері мекемесінің басшысы:

- Апаттық ахуалдан болған нәрсе. 1ші желтоқсанда Атырау жылу электр орталғында апаттық жағдай болды, екіншісі, МАЭК-тегі болған екі блокқа байланысты. Енді техника ғой. Қайталануы мүмкін, өтірік айта алмаймын, қайталануы мүмкін.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.